Style|Fashion

Трэвис Скотт «Одиссея» актерлеріне ерекше кроссовка сыйлады

АвторыTatler Kazakhstan
31.07.2026
Трэвис Скотт «Одиссея» актерлеріне ерекше кроссовка сыйлады
Джимми Фэллонның шоуына қонаққа келген музыкант көрерменді тағы да таңғалдырды. Бұл жолы ол Кристофер Ноланның жаңа «Одиссея» фильміндегі әріптестеріне арнап шығарылған Nike ACG Moc кроссовкасын көрсетті

Жаңа картинада Трэвис зағип жыршының рөлін сомдайды. Түсірілім алаңындағы ортақ жұмыстың құрметіне ол бірнеше актерге дәл осы ерекше аяқ киімді сыйға тартқан екен. Жалпы, Nike бренді мұндай бірегей сыйлықтарды кез келгенге жасай бермейді, ол тек ірі киножобалардың жұлдыздарына ғана бұйырады.

Аяқ киімнің дизайны да кездейсоқ емес, ол «Одиссея» әлемінің рухын толықтай бойына сіңірген. Кроссовканың үстіңгі жағы пони терісіне ұқсайтын бордо түсті материалдан тігілсе, өкше тұсы жарқыраған алтын бөлшекпен көмкерілген. Бұл детальдар Скоттың кинодағы бейнесімен тамаша үндесіп жатыр. Айтпақшы, рэпер бұған дейін де көпшіліктің назарын өзіне аударған болатын: картинаның тұсаукесерінде ол қызыл кілемге арнайы тігілген Nike Moon Shoe моделімен шыққан еді. Ол аяқ киім де ерекше фактурасымен және брендтің төңкерілген фирмалық Swoosh логотипімен есте қалды.

Дегенмен, сирек кездесетін кроссовка жинайтын сникерхедтер мен жанкүйерлерге бұл модельді күтудің қажеті шамалы. «Одиссея» құрметіне жасалған Nike ACG Moc ашық сатылымға мүлдем шықпайды – ол тек түсірілім тобының жеке топтамасында ғана сақталатын нағыз эксклюзив дүние.