Style|Fashion

Трамптың 2025 жылғы инаугурациясы: Мелания, Иванка және басқа да қонақтардың образдары

Автор Индира Тлегенова
23.01.2025
X @Tacker Carlson жаңалықтары
IMAGE X @Tacker Carlson жаңалықтары

Меланияның ерекше қалпағы және есте қалған образдар: 2025 жылғы Трамптың ұлықтау рәсіміне қонақтар не киіп келді?

Вашингтонда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ант қабылдады. 2025 жылғы ұлықтау рәсімі сән-салтанатымен және қонақтардың ерекше образдарымен есте қалды. Мелания Трамп өзінің меншікті стилінен танған жоқ: мінсіз қималы киім, биік өкшелі туфли және көзтартар қалпақ формуласын ұстанды. Оның киім үлгісіндегі дизайнер таңдауы да патриоттық сипатта болды. Ақ жағалы қою көк пальтосын америкалық сәнгер Адам Липпстің тіксе, қалпақ нью-йорктік Эрик Джауитстің шеберханасында дайындалған.

Дональд Трамп әдетте қызыл галстук таққанды ұнатады, бұл жолы бірақ күлгін-қызғылт түстісін таңдады. Көптеген адамдар бұл таңдауды екі партияның бірлігін меңзеген ишара деп қабылдады. Сонымен қатар технологиялық алпауыт иелері Марк Цукерберг пен Джефф Безос жаңа президентке қолдау ретінде арнайы қызыл түсті галстук тағып келді. Безостың қалыңдығы Лорен Санчес ашық әрі ерекше образымен, яғни Alexander McQueen бренді ұсынған ақ костюм мен кестелі корсеті біраз адамның көңілін баурады.

🇺🇸🇺🇸🇺🇸 pic.twitter.com/g2V5JmwbVU

— Иванка Трамп (@IvankaTrump) 21 қаңтар, 2025 жыл

45 / 47 🇺🇸🇺🇸🇺🇸 pic.twitter.com/c97P4A3Z0C

— Иванка Трамп (@IvankaTrump) 21 қаңтар, 2025 жыл

Инаугурациядағы қонақтардың көпшілігі ашық түсті киім киді. Жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің жары Уша Вэнс Oscar de la Renta бренді дайындаған ашық қызғылт түсті пальтомен ерекшеленді. Иванка Трамп Dior әзірлеген зүбәржат түсті белдемшелі костюм мен сол реңдегі таблетка-қалпақты таңдады. Оның образы Lady Dior сөмкесімен айшықтала түсті. Ал экс-президент Байденнің жұбайы Джилл Байден Ralph Lauren брендінің күлгін пальтосын киіп, сәйкес түсті аяқ киім және қолғаппен образды толықтырды. Бұл түс қос партия, яғни республикашылдар (қызыл) мен демократтардың (көк) саяси бірлігін білдіретіндей көрінді.

An ongoing celebration of American history and tradition. For the 60th Inaugural Ceremonies, Second Lady Usha Vance wears a custom peony cashmere coat with scarf wrap and complementing tea-length dress. pic.twitter.com/kT5o0EpXeK

— Оскар де ла Рента (@OscardelaRenta) 20 қаңтар, 2025 ж.

Please, please, please someone get Lauren Sanchez a stylist who understands what taste and modesty are and how to dress like a lady for an occasion as auspicious as an inauguration. 😬 😬 pic.twitter.com/fkt5Tkv9xd

— Fyrewede ☦️🌈 (@fyrewede) 20 қаңтар, 2025 жыл