Style|Fashion

Ташкентте Next Designer Award 2026 байқауының қорытындысы шықты

АвторыАнара Кукиева
28.08.2026
Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
Ташкентте Орталық Азия дизайнерлерінің жаңа буынына арналған ауқымды көрме ашылды. Онда Next Designer Award байқауының жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар ғарышты кутюр арқылы зерттеуден бастап, көшпенділер мұрасын жаңғыртуға дейінгі небір қызық тақырыптарды қамтыды

Next Designer Award empowered by Visa Орталық Азиядағы жас дизайнерлерді қолдайтын басты жобалардың бірі саналады. 21 тамызда Ташкентте осы байқаудың жетінші кезеңі мәресіне жетті. Биыл байқау алғаш рет Өзбекстан астанасында қорытындыланып, тек финалистердің көрсетілімі ғана емес, аймақтың жаңа сәніне арналған ауқымды көрмеге ұласты.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Жоба осыған дейін алты рет ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында ол Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Орталық Азияның басқа да елдерінен шыққан жас таланттардың қанатын қатайтатын маңызды алаңға айналып үлгерді. Жеңімпаздар құр ақшалай грантпен шектелмей, нағыз индустриялық экожүйеге жолдама алады. Оларға Visa Fashion Week көрсетілімдеріне қатысу, халықаралық тәлімгерлік, коммерциялық коллаборациялар және жаһандық нарыққа шығу мүмкіндігі беріледі.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Жүздеген өтінімнің ішінен финалға Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында өз топтамаларын ұсынған 15 дизайнер өтті. Концепцияларды қорғап, жұмыстарды таныстырғаннан кейін қазылар алқасы маусым жеңімпаздарын анықтады:

13 фотоның / 1 фотосы

Басты жүлдені Central Saint Martins түлегі Нодира Дадажонова Koinot топтамасымен жеңіп алды. Бұл топтама ғарышты, шексіздікті және мата пластикасын кутюрлік тұрғыдан зерттейді. Негізгі жүлделерден бөлек, дизайнерлер аймақтың жетекші брендтері мен медиасынан арнайы марапаттар алды. Олардың қатарында Dildora Kasimova, Zhsaken және Saadi Ethno сияқты брендтермен бірлескен жобалар жасау, Visa Fashion Week Almaty көрсетіліміне қатысу, Teplo Store дүкенінде топтамаларын сату және Tatler мен Harper’s Bazaar Kazakhstan журналдарында жариялану мүмкіндігі бар.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Бірінші орын Нодира Дадажоноваға бұйырды, сыйлығы 10 000 доллар көлеміндегі Visa гранты 

Модель және Нодира Дадажонова | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Модель және Нодира Дадажонова | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Екінші орын алған Айбийке Мадумарова топтамасын Saks Fifth Avenue дүкеніне орналастырады

Айгүл Әміржанова және Айбийке Мадумарова | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Айгүл Әміржанова және Айбийке Мадумарова | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Үшінші орын иегері Бота Мырзабек Visa Fashion Week Tashkent SS27 көрсетіліміне қатысады

Модель, Тина Лончар және Бота Мырзабек | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Модель, Тина Лончар және Бота Мырзабек | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Финалистердің жұмыстарын сән, өнер және бизнес өкілдерінің басын қосқан халықаралық сарапшылар кеңесі бағалады. Қазылар алқасының құрамында Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қорының төрайымы Гаянэ Умерова, дизайнер Сәкен Жақсыбаев, Vogue Adria сән редакторы Тина Лончар, VILED Group бас директоры Айгүл Әміржанова, Visa Fashion Week креативті директоры Әсем Ғаббасова, сондай-ақ жетекші басылымдардың басшылары болды.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Байқаудың финалы Бейнелеу өнері галереясында 15 қыркүйекке дейін ашық тұратын «Ретроспектива: 21 авторлық мәлімдеме» көрмесінің бастамасы болды.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Экспозиция байқаудың барлық жеті кезеңіне қатысқан дизайнерлердің жұмысын біріктірді. Сол арқылы орталықазиялық сәннің жаңа буыны қалай қалыптасқанын айқын көрсетіп берді. Көрмеден бірыңғай эстетика емес, 21 дербес көзқарас көресіз. Олардың қатарында Арал мен ауаның ластануы туралы экологиялық манифесттер бар. Сонымен қатар тектік жадты, көшпенділер мұрасы мен заманауи бірегейлікті зерттеген жобалар да көп.

Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан

Ал бас жүлдегер Нодира Дадажонованың Koinot жобасы экспозицияда ерекше орында тұр. Бұл жұмыс көрменің басты нүктесін қойып, байқаудың жаңа кезеңін бастап бергендей болды.

Нодира Дадажонова және модель | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан
IMAGE Нодира Дадажонова және модель | Next Designer Award баспасөз қызметінің мұрағатынаннан