Style|Fashion

Тайлер Дерден 2.0: Брэд Питт 1990 жылдардағы брутал стильді қайта жаңғыртты

Автор Индира Тлегенова
19.06.2025
Getty Images
IMAGE Getty Images

Брэд Питт Тайлэр Дерден 61 жасында қандай болар еді деген сұраққа жауап бергендей болды: барқыт костюм, қолында Gucci сөмкесі және кемел қалпы тағы да жұрттың жүрегін жаулады.

Біз Брэд Питттің GQ үшін дәл сол Сен-Лоран етікпен түсірген қатыгез фотосессиясын қорытып әрең үлгердік, ол бізге мұнда ең стильді «әкенің» кім екенін еске салды. Нью-Йоркте актер демалыс күндері F1 фильмінің премьерасы алдында өзінің ең жақсы көше стилін көрсетті.

Әрбір көзқарас оның әйгілі кейіпкері Тайлер Дерденге тікелей сілтеме болып табылады. Сол қырылған бас. Дәл сол батылдық, гранж және эклектизм. Дәл сол «Мен хаос әкелемін, бірақ жақсы талғаммен» деп тұрған эстетикалық образда. Бұл жолы оны ойдан шығарылған анархист емес, Тимоти Шаламе пен Кендрик Ламармен бірге жұмыс істеген Vogue, Interview және W Magazine журналдарының шығармашылық кеңесшісі және имиджмейкері Тэйлор МакНейл шынайы өмірдегі стилист киіндірді.

«Кемелдікке ұмтылудың қажеті жоқ. Жетіл. Қалғаны өзі-ақ орнығады».

Брэд Питттің образы да дәл сондай — үйлесім мен ұқыпсыз еркіндіктің шебер симбиозы.

Mercer қонақ үйінің кіреберісінде:

Брэд — бордо түсті ірі тоқымалы Missoni полосын ашық қызғылт сары шалбармен үйлестірген. Қолында — күдері Gucci сөмкесі, көзде — қара көзілдірік.

Қос жұптық кешкі ас: сүйіктісі Инес де Рамон, Брэдли Купер мен Джиджи Хадидпен бірге

Питт Magliano брендінің лила түсті жібек жейдесін жылтыр сұр барқыт шалбарға (Taverniti) салып киген. Шалбардағы принт денимді еске түсіреді — trompe-l'œil стилінде. Қайтар жолда шалбар тізесіндегі жыртық жұрттың ойын сан саққа жүгіртті.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Сенбі таңы:

Бір балағы жарыс костюмінен тігілген карго-шалбар. Үстінде — ақ ұзын жеңді жыртылған винтаж футболка. Классикалық авиатор көзәйнекпен көзін қорғаған. Бұл образ «түнде сабын қайнаттым» деген әсер қалдырады.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Джимми Фэллонмен бірге The Tonight Show түсірілімінде

Толықтай тай-дай стильдегі киім: түрлі түсті реңкте боялған жейде мен шалбар. Ресми түрде — скетчке арналған костюм. Бірақ Брэд бұл «рөлде» де стиль жағынан бәрінен басым көрінеді.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Сенбі кеші, мейрамханадан шыққанда:

Питт Willy Chavarria стилінде: жолақты ақ жейде, кең джинс шалбар және көк барқыт пиджак. Бұл образ гавайлық жейде мен былғары курткалы классиканы жаңаша ойнатты.

Getty Images
IMAGE Getty Images

Midtown Manhattan, премьерадан кейінгі таң:

Келесі күні Брэд Givenchy бренді тіккен әскери сұр комбинезонда бой көрсетті. F1 эстетикасын ұлықтау деп осыны айт.

Getty Images
IMAGE Getty Images