Style|Fashion

Stranger Things және Spider-Man жұлдызы Сэди Синк Calvin Klein-нің жаңа кампаниясына түсті

АвторыTatler Kazakhstan
03.09.2026
Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты
IMAGE Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты
Calvin Klein өзінің Feel the Fit атты күзгі деним-кампаниясының екінші бөлімін ұсынды. Жаңа түсірілімнің басты кейіпкері – актриса Сэди Синк

Тамыз айының соңында жарық көрген кампанияның алғашқы бөліміне әнші Тейт Макрей түскен еді. Енді Calvin Klein бұл оқиғаны Сэди Синкпен бірге жалғастырып жатыр. Бренд өз дәстүріне сай әуелі әлеуметтік желіде басты кейіпкердің есімін жасырып, жұмбақ тизер жариялады. Олар оқырмандарына жаңа кампанияға кім түскенін өздері табуды ұсынды. Алайда Сэди Синкті өзіне тән жирен шашынан жұрт бірден танып қойды.

Жаңа кампанияда Синк брендтің бірнеше негізгі джинс үлгілерін киіп көрсетеді. Ол күнделікті қарапайым образдың өзі адамның көңіл күйін көтеріп, өзіне деген сенімділігін қалай арттыратынын тамаша жеткізген.

Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты
IMAGE Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты
Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты
IMAGE Сэди Синк | Calvin Klein ресми сайты

Fall 2026 топтамасында үш негізгі пішін ұсынылған. Олардың қатарында жаңартылған әйгілі ’90s Straight Jeans, белі төмен тұратын кең Low Rise Baggy Jeans және белі жоғары, мүсінді айқындай түсетін High Rise Loose Jeans бар.