Style|Fashion

Стефано Габбана Dolce & Gabbana сән үйінен кетпек

АвторыTatler Kazakhstan
10.04.2026
Доменико Дольче мен Стефано Габбана Миландағы сән апталығы аясында Dolce & Gabbana Ready to Wear 2026 жылғы көктем-жаз топтамасының көрсетілімінде, 27 қыркүйек 2025 жыл. Италия, Милан | Фотосуретші: Виктор Вирджила | Getty Images
IMAGE Доменико Дольче мен Стефано Габбана Миландағы сән апталығы аясында Dolce & Gabbana Ready to Wear 2026 жылғы көктем-жаз топтамасының көрсетілімінде, 27 қыркүйек 2025 жыл. Италия, Милан | Фотосуретші: Виктор Вирджила | Getty Images
Негізін қалаушының қызметінен кетуі қаржылық қысым мен инвестор іздеу кезеңіне тұспа-тұс келді

Стефано Габбана Dolce & Gabbana төрағасы лауазымынан кетті және компаниядағы өз үлесін (шамамен 40%) иелік ету жолдарын қарастыруда. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, 1985 жылы Доменико Дольчемен бірге сән үйінің негізін қалаған 63 жастағы Габбана өз қызметінен 2025 жылдың желтоқсанында кеткен. 2026 жылдың қаңтарында директорлар кеңесінің төрағасы міндетін Домениконың ағасы әрі қазіргі бас директоры Альфонсо Дольче қабылдап алды.

Габбананың қызметтен кетуі – компания ішіндегі ауқымды қайта құру процесінің басталғанын аңғартады. Dolce & Gabbana сырттан инвестор тартуды немесе үлесінің бір бөлігін сатуды көздеп отырғанымен, басқару тізгіні Дольче әулетінің қолында нық қала бермек. Мұндай қадамдарға компанияның қаржылық қыспаққа түсуі мен бизнес-құрылымды шұғыл қайта қарау қажеттілігі себеп болды. Дереккөздердің мәліметінше, сән үйінің 450 млн еуроға жуық қарыз жүгі бар. Қазіргі таңда осы берешекті рефинансылау және несие берушілерден тағы 150 млн еуроға дейін қосымша қаражат тарту мәселесі күн тәртібінде тұр.