Style|Fashion

Soft Dressing: жаңа коллекциялардан шыққан романтикалық образдарды қазақтың дәстүрлі әшекей бұйымдарымен үйлестіру жолдары

Автор Tatler Kazakhstan
01.04.2025
Фотосуретші: Paul Morel | Dior фатин көйлегі, Nisi Jewelry әшекейі
IMAGE Фотосуретші: Paul Morel | Dior фатин көйлегі, Nisi Jewelry әшекейі

Жұқа мата, жеңіл силуэт және нәзік түс. Маусымның өзекті образдары көктемнің келгенін еске салады. Көктеммен бірге романтика да, бекзат әйел болмысы да келіп жетті.

Париждің қақ ортасында, V Георг даңғылы мен Елисей алаңының қиылысында Hôtel Barrière Fouquet’s Paris тұр. Бұл отель бірнеше жылдан бері art de vivre, яғни «өмір сүру өнерінің» нышаны аталып келеді. Tatler Kazakhstan-ның наурыз айындағы нөміріне арнап әзірленген «Романтизм дәуірі» атты талғампаз фотосессия дәл осы Париждегі отельдің жаңа бөлмелерінің бірі – фирмалық Arc de Triomphe сьютінде өтті. Ауданы 135 шаршы метрді құрайтын османдық стильдегі кең апартамент салтанатты декорацияға айнала кетті. Шырша пішінінде төселген паркет, мәрмәр алауошақтар және дизайнер Жак Гарсияның қымбат маталары интерьерді одан әрі жайната түсті. Сьюттің төртінші қабатынан Елисей алаңын, Салтанат қақпасын және Эйфель мұнарасын көруге болады. Ғажап көрініс!

Ann Demeulemeester көйлегі, Nisi Jewelry алқасы
Дананың үстінде: Chanel шалбары, жейдесі және ашық аяқ киімі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған тиындармен әрленген күміс белбеу
Томиристің үстінде: Chanel костюмі мен туфлиі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған күміс сырға
Tom Ford туникасы, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған шекелік
Miu Miu көйлегі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған күміс білезік пен сақина
Prada жейдесі мен белдемшесі
Philosophy di Lorenzo Serafini көйлегі, Nisi Jewelry әшекейі
Zuhair Murad көйлегі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған күміс сырға мен білезік
Fendi көйлегі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған сәукеле пішініндес күміс бас киім
Zuhair Murad көйлегі, Әйгерім Шустердің жеке коллекциясынан алынған күміс сырға мен білезік
Louis Vuitton көйлегі
10 фотоның / 1 фотосы Ann Demeulemeester көйлегі, Nisi Jewelry алқасы