Style|Fashion

Шымбұлақ немесе Гштаад шыңдары: Chanel тау-шаңғы демалысына арналған жаңа COCO NEIGE 2026 топтамасын ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
15.10.2026
Chanel
IMAGE Chanel
Биылғы қыста қарлы шыңдарды бағындыруға не киіп барамыз? Chanel сән үйі бұл сұрақтың жауабын әлдеқашан дайындап қойған: жарқын түсті комбинезондар, твид матасынан тігілген бұйымдар, үлпілдек құлақшындар мен сүйкімді пингвиндер бейнеленген киімдер топтамасы назарымызды бірден өзіне аударды

Сән үйі тау баурайына арналған киімдердің күнделікті өмірге де қалай мінсіз үйлесетінін COCO NEIGE 2026 жаңа топтамасы арқылы тамаша көрсетіп берді. Бұл жолы француз бренді Швейцариядағы Альпі курорттарының қайталанбас эстетикасынан шабыт алып, оған аздаған сағыныш сезімі мен нағыз спорттық көңіл-күй сыйлағандай.

Chanel
IMAGE Chanel
Chanel
IMAGE Chanel

Топтаманың басты реңкі ретінде қанық ал қызыл түс таңдалды. Оның көркін көк, сары және Chanel-дің фирмалық қара, ақ әрі сарғыш түстері аша түскен. Жаңа желіге көлемді күртешелер, қозғалысқа ыңғайлы кең пішінді тау-шаңғы комбинезондары, жұмсақ трикотаж бен торлы твид матасынан тігілген киімдер енді. Ал қытымыр аязда жылуды сақтау үшін жұмсақ кашемир, табиғи жүн және көпқабатты қалың маталар қолданылған.

Chanel
IMAGE Chanel

Топтамадағы аксессуарлар бөлек назар аударуды қажет етеді. Теріден тігілген жылы құлақшындар, көлемді биялайлар және классикалық ерлер лоферіне ұқсайтын іші үлпілдек мюли аяқ киімдері образды толықтырып тұр. Сондай-ақ, дизайнерлер аздаған ойын элементтерін де ұмытпады – кейбір бұйымдар пингвиндер мен ақ аюлардың сүйкімді бейнелерімен безендіріліп, топтамаға ерекше жеңілдік берген.

Chanel
IMAGE Chanel
Chanel
IMAGE Chanel

COCO NEIGE 2026 жарнамалық науқанын танымал фотограф Жюльен Мартинес Леклер таспаласа, оның объективінде Элоди Гипо, Фэн Цзяо Лун және Лия Мари Милке сынды кәсіби модельдер ғажайып образдарды паш етті.

Chanel
IMAGE Chanel