Style|Fashion

Шанхайда Casa Loewe-нің ең ірі дүкені ашылды

Автор Индира Тлегенова
21.02.2025
loewe.com
IMAGE loewe.com

Casa Loewe Shanghai алтын түсті керамикалық плиткалармен көмкерілген ерекше қасбетімен таңдай қақтырды

Loewe Азиядағы ең ірі флагмандық дүкені Casa Loewe Shanghai-ды ашты. Ол шаһардың сән орталығы саналатын Цзиньань ауданында орналасқан. Бүгінде 695 шаршы метрлік бутик ерекше сәулетімен көптің көзайымына айналып үлгерді. Оның қасбеті 35 536 дана алтын түсті керамикалық тақтайшалармен безендірілген. Олар жарықты шағылыстырып, көз тартарлық әсер сыйлайды. Бұл тақтайшалар Испанияның шығысындағы тау жыныстарынан алынған материалдардан Барселонаның Ceràmica Cumella 1880 студиясында жасалған.

Басқа Casa Loewe дүкендері сияқты Шанхайдағы флагмандық бутик те сауда кеңістігі мен галереяны тамаша үйлестірген. Мұнда брендтің толық топтамасымен қоса өнер туындыларының арнайы коллекциясы ұсынылған. Экспозицияда британдық керамистер Джон Уорд пен Мо Джапптың жұмыстары, қытай шебері Хан Дунның мүсіндері, жапон суретшісі Хафу Мацумотоның бамбуктан тоқылған бұйымдары және неміс шебері Эрнст Гамперльдің ағаштан жасалған туындылары бар.

15 фотоның / 1 фотосы

Ішкі безендіру ақ, қоңыр, алтын, қызғылт сары және жасыл түстердің үйлесімінде жасалып, мәрмәр, жез және емен ағашымен әрленген. Дүкендегі жиһаз нағыз дизайн өнерінің көрінісі іспетті. Мұнда Геррит Томас Ритвельдтің Utrecht пен Berin Club креслолары, Оливер Густавтың зығыр матамен қапталған дивандары және Джордж Накашима жасаған орындықтар қойылған. Кеңістікке әйгілі жапон дизайнері Исаму Ногучидің Akari E аспалы шамдары сәуле төгіп тұр, ал еденге британдық суретші Джон Алленнің қолынан шыққан өрнекті жүн кілемдер төселген.