Style|Fashion

Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Автор Алина Ким
13.06.2025
LV x TM Keepall Bandoulière 45 | Louis Vuitton
IMAGE LV x TM Keepall Bandoulière 45 | Louis Vuitton

Мыжылған чемодан, иттерге арналған үйшік және Джеймс Бондтың құпия багажы – жазғы сапардың ең стильді серіктеріне шолу

Жазғы демалыс жақындаған сайын, саяхат туралы ойлар жиілей түседі. Ал кез келген сапардың алғашқы қадамы – жолға дайындық, яғни чемодан жинау. Бұл процесс біреуге рақат сыйласа, екіншісі үшін жалықтыратын міндетке айналады. Алайда, жаңа әрі стильді сапар сөмкесі кез келген адамды жолға жиналуға шабыттандыратыны сөзсіз. Сіз сапарға жалғыз, отбасыңызбен немесе сүйікті жануарыңызбен аттансаңыз да, біздің топтамадан көңіліңізден шығатын таңдау табыларына сенімдіміз.

Globe-Trotter

Егер сіз британдық сапа мен мәртебені бағаласаңыз, Globe-Trotter-дің «Джеймс Бонд» франшизасымен бірлескен топтамасы назарыңызды аударары сөзсіз. Өзінің саяхат жоспарын аса құпия ұстайтын жандар үшін 007 Luggage Collection топтамасы таптырмас таңдау болмақ. Ал «Казино «Рояль» фильмінің атмосферасын сезінгіңіз келсе, бренд ұсынған покер немесе нард жиынтығын ала жүріңіз.

007 Collection, Small Attaché | Globe-Trotter
IMAGE 007 Collection, Small Attaché | Globe-Trotter
007 Collection, Carry-On - 4 Wheels | Globe-Trotter
IMAGE 007 Collection, Carry-On - 4 Wheels | Globe-Trotter

Rimowa

Алюминийден жасалған Rimowa чемодандары көп саяхаттайтын жандардың сенімді серігіне айналған. Биыл жазда бренд 80-жылдардың эстетикасын қайтарып, шектеулі ретро-топтамасын ұсынды. Оның сабырлы көк, қуатты сары және батыл қызыл түстері әуежайдағы ұзақ кезекте күткен сәтте де жаныңызға жайлылық сыйлайды.

Hand-Carry Case | Rimowa
IMAGE Hand-Carry Case | Rimowa
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Louis Vuitton

Louis Vuitton әуесқойлары үшін қуанышты жаңалық: брендтің ең танымал Keepall 45 сапар сөмкесі жаңа нұсқада шықты. Енді оны атақты суретші Такаси Мураками ұсынған шие түстес дизайнда да сатып алуға болады. Топтаманың ішінде джинсы матасынан тігілген модель ерекше көзге түседі.

LV x TM Keepall Bandoulière 45 | Louis Vuitton
IMAGE LV x TM Keepall Bandoulière 45 | Louis Vuitton
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Crash Baggage

«Әуежайда чемоданыма бірдеңе болып қала ма» деп уайымдайтындар үшін италиялық Crash Baggage бренді таптырмас шешім ұсынады. Олардың чемодандары дизайн кезеңінде-ақ әдейі «зақымданады», сондықтан әрбір жаңа сызат оның келбетіне ерекше сипат қосады. Сізге тек ондаған металлик реңктерінің ішінен қалағаныңызды таңдау ғана қалып тұр.

Trunk | Crash Baggage
IMAGE Trunk | Crash Baggage
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Goyard

Сапарға сүйікті жануарыңызды да ала кеткіңіз келе ме? Ендеше, Goyard-тың фирмалық принтімен безендірілген сөмке-үйшігіне назар аударыңыз. Ол сіздің классикалық чемодандар топтамаңызды тамаша толықтырады, ал саяхаттан соң үйіңізде интерьердің сәнді бөлшегі ретінде де тұра береді.

Niche Trunk | Goyard
IMAGE Niche Trunk | Goyard
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Béis

Тұп-тұнық теңіз бен көкпеңбек аспан аясындағы ашық қызыл чемодан – кез келген демалыс суретіне ерекше реңк беретін көрініс. Осындай сәттер үшін Шэй Митчелл негізін қалаған Béis бренді мен Lonely Ghost коллаборациясы керемет үйлеседі. Оны брендтің өзі кеңес бергендей, «ұшақтан түскен бойда хабарласатын адамыңызға» сыйға тартсаңыз болады.

The Large Check-In Roller
in Text Me Red | Béis
IMAGE The Large Check-In Roller in Text Me Red | Béis
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Proteca

Жапондық дизайнның ұстамдылығы мен жоғары технологиясын біріктіретін Proteca чемодандары жайлылықты бірінші орынға қоятын жандар үшін жасалған. J5 топтамасының шабыт көзі – дәстүрлі жапондық бунко-бако, яғни бағалы заттарды сақтайтын қобдишалар.

J5 Collection | Proteca
IMAGE J5 Collection | Proteca
Сапар алдындағы салтанат: стильді демалысқа арналған сегіз чемодан

Away

Away ұсынған отбасылық топтама үлкендер мен балаларға бірдей арналған. Балаңызбен жұп құрайтын кәмпит түстес жиынтықтар бірнеше сапарға төтеп беріп қана қоймай, уақыт өте келе де өзінің жарқын түсін жоғалтпайды.

The Kids Carry-On| Away
IMAGE The Kids Carry-On| Away
The Medium | Away
IMAGE The Medium | Away