Style|Fashion

Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы

Автор Анель Танкибаева
20.02.2025
AVAVAV x adidas
IMAGE AVAVAV x adidas

Salomon мен Maison Margiela, New Balance пен Miu Miu, AVAVAV пен adidas

Коллаборацияларды жаңашылдық емес, тиімді маркетинг тәсілі деген дұрыс. «Бір бастан гөрі екі бас жақсы» дегендей, эксперименталды серіктестіктерден бірегей коллекциялар туады. Бірі жұртты Rolex пен Domino’s сияқты таң қалдырса, екіншісі жаңа дарындарды табуға мүмкіндік ашады, ал үшіншісі табысты бизнес стратегиясына айналады. Соңғы кейстердің арасынан Nike мен SKIMS-тің коллаборациясы көзге түседі. Бұл серіктестік спорттық брендтің акцияларын қымбаттата түскен екен. Редакциямыз табыс сыры сапалы серіктестікте деп біледі. Бірнеше сәнді коллаборациялардан тұратын топтама жинадық.

Salomon x MM6 Maison Margiela

Спорт жоғары сән әлемінің есігін теуіп кірді. Коллаборация табаны жалпақ, түрлі-түсті Мэри Джейн туфлиі, баусыз кроссовка, логомания және сірісі қысқартылған аяқ киімнен тұрады.

Salomon x MM6 Maison Margiela
IMAGE Salomon x MM6 Maison Margiela
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы

New Balance x Miu Miu 530 SL Mules

Алды – кроссовка, арты – резеңке шақай. New Balance пен Miu Miu-дің коллаборациясы әсемдік және ұсқынсыздық стандарттарының астан-кестенін шығарады. Үйлесімі жасанды әрі тиімсіз мюль наразылық акциясына ұқсайды.

New Balance x Miu Miu 530 SL Mules
IMAGE New Balance x Miu Miu 530 SL Mules
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы

AVAVAV x adidas

Флоренциялық AVAVAV бренді экология тұрғысынан таза өндірісімен және «есуас» дизайнымен ерекшеленеді (құбыжықтың табаны пішініндегі тобықты етікті еске алайық!). Adidas-пен бірге жасаған коллаборациясы аясында бренд етегі жерге дейін жететін күрте мен болеро, кең жиекті кепка, «төрт саусақты» аяқ киім және көлемді қолғап ұсынды. Спортпен айналысатын киімге аз ұқсайды. Ұраны да өзіне жарасымды: «Тарихтағы ең нашар ойын».

AVAVAV x adidas
IMAGE AVAVAV x adidas
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы

Pleasing x JW Anderson

Әнші Гарри Стайлз бен дизайнер Джонатан Уильям Андерсонның коллаборациясы. Pleasing брендінің еркіндік пен шаттық ұғымдарына негізделген концепциясы жаңа коллекциядан көрініс тапты. Жаңашыл әрі арандатушы өнім болып шықты. Коллекция аясында унисекс киімге салынған жарқын принттер, сөмкеге ілуге арналған еркектің жыныс мүшесі пішініндегі салпыншақтар және бірегей тырнаққа арналған лак палитрасы ұсынылды.

Pleasing x JW Anderson
IMAGE Pleasing x JW Anderson
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы

Off-White x Jimmy Choo

Коллекцияда биік өкшелі көпірме етік, су өткізбейтін тобықты етік және пластикпен қапталған туфли бар. Дизайнер әрі Off-White брендінің негізін қалаушы Вирджил Абло Диана ханшайым мен Англияның ауа райынан шабыт алса, біз оның Jimmy Choo-мен бірге жасаған коллаборациясына қарап шабыттанып, көктемгі образ құруға кірісеміз. Су өткізбейтін аяқ киім жарар еді. Бахиладан қайран жоқ.

Off-White x Jimmy Choo
IMAGE Off-White x Jimmy Choo
Қызық, ұсқынсыз әрі күтпеген жерден пайда болған сәнді коллаборациялар топтамасы