Style|Fashion

Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Автор Индира Тлегенова
13.03.2025
spotlight.com
IMAGE spotlight.com

Сән сүйер қауымды қашан да таңғалдыратын Paris Fashion Week бұ жолы да есте қаларлық сәттерге толы болды.

Париж Сән апталығының ең қызық әрі есте қаларлық сәттері әдеттегідей соңына қалады. Valentino-да көрермендер топтаманы қоғамдық дәретханада отырып тамашалады. Стильді көрінгені рас. Демна Гвасалия сәнді «кемсітуін» қоймай, маусымның ең таңдаулы бұйымы Balenciaga-мен коллаборациясы аясындағы «быт-шыты шыққан» Puma Speedcat кроссовкасын ұсынды. Ал Chanel подиумында күтпеген жерден пайда болған көгершін қонақ ел назарын бөленді. Paris Fashion Week-ті осындай қызықтары үшін жақсы көреміз!

Vivienne Westwood ұсынған ұзын галстуктар

Биылғы коллекциядан ерекше стилистикалық тәсіл байқалды. Ол – әдейі ұзартылған, жерге дейін жететін галстуктар. Vivienne Westwood-тың Халықаралық әйелдер күніне орай ұсынылған бұл коллекциясы панк стилі мен феминизмнің қоспасы болды. Сол себепті ер адамдар да биік өкшелі аяқ киім киіп шықты. Алайда кей киімдерге салынған Андреас Кронталердің (брендтің қазіргі иесі әрі креативті директоры) инициалы кейпіндегі брендтік таңбалауды түсіне қойған жоқпыз. Мұның бәрі Вивьен қалдырған мұраны құнттамау сынды көрінеді.

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Valentino-ның қоғамдық дәретханасы

Сеттің дизайны коллекциядан асып түсті. Алессандро Микеле көрермендерді өзі «дистопиялық, үрейлі әрі линчтік кеңістік» деп атаған алқызыл түсті қоғамдық дәретхана интерьеріне жайғастырды. Қай жері қорқынышты болуы керек екенін түсіне қойған жоқпыз, алайда стильді кеңістік шын мәнінде драмаға толы болды. Valentino көрсетілімі шілтер мен ішкиімге деген нұсқауларымен, сүңгуір бас киімімен, Vans кедымен және шоуды ашқан Лана Дель Рэйдің Gods & Monsters әнімен есте қалды. Иә, сән апталығының соңына қарай редактордың жай-күйі пайеткімен көмкерілген матадан тігілген көйлекте бейнеленген мысықпен үндес болса керек.

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

«Быт-шыты шыққан» Balenciaga x Puma кроссовкасы

Демна Гвасалия тағы да посткеңестік балалық шағынан қалған кейіпкерлерден құралған коллекция ұсынды. Ең бір есте қалғаны – Balenciaga x Puma коллаборациясының спорттық костюмін киген «пацанский кор» образы. Сондай-ақ коллекцияға «ит шайнап тастаған» Puma Speedcat кроссовкасы кірді. Дизайнер сән әлемін «кемсітіп», дизайндарын постиронияға негіздеуді қоймайтын секілді.

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Loewe презентациясы

Джонатан Андерсон биыл дәстүрлі көрсетілім форматынан бас тартып, Loewe брендінің 2025 жылғы күз-қыс коллекциясын Hôtel de Maisons-дағы көрмелік экспозиция түрінде ұсынды. Андерсонның қайталанбас дарыны мен мәдени тереңдігінің лебі көрменің әрбір сантиметрінен есіп тұрды. Антея Гамильтонның алып қызанақтары мен асқабақтары Loewe презентациясына сюрреалистік қасиет дарытты. Джонатанның өзі коллекцияны сәнді, өнерді және қолөнерді біріктірген «идеялар скрапбугі» деп атады. Көрсетілімге бір күн қалғанда дизайнер өзінің Instagram-дағы парақшасында Loewe-ге арнап жасаған он жылдық жұмысын айқындайтын динамикалық бейнеролик жариялады. Десе де бұл оның сән үйінен кетер алдындағы қадамы емес шығар деп үміттенеміз!

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Coperni ұсынған тамагочи

Дизайнерлер Себастьян Мейер мен Арно Вайян технологияға терең бойлап, оны сәнмен ұштастыруды жалғастырып келеді. Биылғы коллекция аясында олар видео ойындар әлеміне қадам басыпты. Көрсетілімге шақырылған 200 нағыз геймер айналасындағы модельдерге де, Сэйлор Мун мен Лара Крофттың образдарына көз салған жоқ. Бізге ең бір ұнағаны – Coperni сөмкесі пішіндес тамагочи. Миллениалдардың жүрегін жаулап алатын зат!

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Saint Laurent ұсынған ышқыры төмен әрі үлпілдек белдемшелер

Редактордың пікірінше, осы маусымның ең әдемі силуэті Saint Laurent-ға тиесілі. Кең иық әрі ышқыры төмен үлпілдек белдемшелердің үйлесімі – топтаманың ең әсерлі бөлшегі. 1970-ші жылдардағы иығы гротескілі заттарды кеңінен қамтыған стильден шабыт ала отырып әзірленген коллекция дәл осы белдемшелердің арқасында ғана нәзік болып шықты. Энтони Ваккарелло жаңа бірнәрсе ойлап таппайды, трендтерге ермей, күрделі стилизациядан аулақ жүруге тырысады. Артықшылығының сыры да осы болса керек.

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Miu Miu: әжейге айналған бойжеткен

Миучча биыл Miu Miu қыздарын италиялық «донналарға» тән силуэттерге таңып, оларды «қартайтып» жіберді. Шапокляк стиліндегі қалпақ пен бетіне сызат түскен былғарыдан жасалған ридикюль коллекцияның әсерін күшейте түсті. Конус тәріздес төстартқышы бар винтаж ішкиімге шын жүректен лайк қоямыз. Ішкиімді әр элемент анық көрінетіндей қылып қабаттаған Лотта Волкова расымен оны әдемі стильдеген.

Getty Images
IMAGE Getty Images
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
Getty Images
IMAGE Getty Images
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Louis Vuitton ұсынған алып панамалар

Николя Гескьер бұл жолы уақыт кеңістігіне саяхаттады. Силуэттердің стилі 1920-шы жылдардан бейтаныс болашаққа бірақ секіреді. Киімдер әдемі де, функционалды да. Ол жаңбыр жамылғысын латекс пен қара былғарыдан жасап, күртеге алып өрнекті қалта жапсырды, ал мойынға уақыт кеңістігінде жоғалып кетуден сақтайтын баулы сағат тағып қойды. Панамалар бұрынғыдан да үлкен бола түсті! Дизайнер осылайша болашақта жаһандық жылынудың әсерінен аптап ыстық күндер азаймайтынын меңзеп тұрғандай.

spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар
spotlight.com
IMAGE spotlight.com
Қызыл дәретхана және подиумға шыққан көгершін: Paris Fashion Week-тің екінші бөліміндегі қызықтар

Chanel көгершіні

2025 жылғы күз-қыс коллекциясының Гран-Паледе өткен көрсетілім барысында подиум жаққа көгершін ұшып кіріп, ел-жұртты таң қалдырды. Chanel-дегі жалғыз қызық осы болды. «Жетім қалған» бренд данышпан дизайнер Матье Блазиді әлі де күтіп жүргендей. Ол брендке жаңа тыныс береді деген болжам бар. Әзірге мұнда ештеңе өзгере қойған жоқ.