Style|Fashion

Қазақстандық жас дизайнерлер ғаламторды тамсандырды

АвторыTatler Kazakhstan
30.07.2026
SN Academy Instagram-парақшасынан
IMAGE SN Academy Instagram-парақшасынан
SN Academy оқушылары өз қолдарымен тіккен киімдердің видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр

Қазақстандық балғын таланттардың туындылары қарапайым желі қолданушыларының ғана емес, әлемдік сән индустриясы өкілдерінің де назарына ілікті. SN Academy шәкірттерінің жұмыстары түсірілген бейнероликтер интернетте вирусша тарап жатыр. Тіпті, Ұлыбританияның беделді Culted басылымы өзінің Instagram парақшасында осы қазақстандық мектеп туралы арнайы пост жариялады.

SN Academy – отандық дизайнер Салтанат Нышанбай 2019 жылы негізін қалаған халықаралық сән және дизайн мектебі. Қазір Астана мен Мәскеуде бөлімшелері бар бұл мектеп балаларға киім дизайнын нөлден бастап үйретеді. Яғни, оқушылар идеяны қағазға түсіруден бастап, матаны пішіп, дайын киімді тігіп шығуға дейінгі бүкіл процесті өздері жасайды.

SN Academy Instagram-парақшасынан
IMAGE SN Academy Instagram-парақшасынан

Оқу бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады: костюм дизайны, киімді модельдеу мен пішу, сондай-ақ тігін технологиясы. 12 айға созылатын толық курс барысында 6 мен 18 жас аралығындағы балалар нағыз дизайнерлік киім жасап шығарудың барлық қыр-сырын меңгеріп шығады.