Style|Fashion

Қалықтаған көліктер мен «екінші тері»: Louis Vuitton-ның жаңа топтамасы

АвторыЛилия Шабутдинова
07.10.2026
Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Париждегі сән апталығында Николя Жескьер Louis Vuitton-ның көктем-жаз 2027 топтамасын таныстырды. Қалықтаған көліктері бар футуристік декорацияның артында өте қарапайым әрі өміршең идея жатыр: киімді мейлінше жеңіл, ыңғайлы әрі табиғи ету

Көрсетілімге бір апта қалғанда Николя Жескьер Франция президенті Эмманюэль Макронның қолынан Құрмет легионы орденін алған еді. Дизайнер көп жылдан бері бірінші ханым Брижит Макронның стиліне жауапты болғандықтан, Елисей сарайындағы марапаттау рәсімі бұрынғы таныстардың жылы кездесуіне ұқсады. Ал арада санаулы күндер өткенде Жескьер Лувр ауласында Louis Vuitton-ның жаңа топтамасын ұсынды. Ол көрсетілім орнын өз стиліне сай таңдаған. Cour Carrée ауласында (Лувр сарайының басты, ең көне және ең танымал ішкі аулаларының бірі)  Ридли Скоттың «Ұстара жүзімен жүгіруші» (Blade Runner) фильміндегідей қызыл шамдары жарқырап ұшатын көліктер қалықтап тұрды. Бір қарағанда ғарыш, технология және алыс болашақ туралы ауқымды әңгіме басталатындай көрінген. Алайда футуристік декорацияның артында күнделікті өмірге өте жақын, қарапайым әрі өміршең топтама жасырынып жатты.

Николя Жескьер | Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Николя Жескьер | Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight

Киімдер өте жеңіл, байсалды әрі заманауи болып шықты. Жартылай мөлдір ақ көйлектерді, жұқа трикотаж бен жібек белдемшелерді, кардигандарды, жеңіл пальтолар мен нейлон анорактарды кез келген үлкен қаланың көшесінен елестету қиын емес. Бұл образдарда жұртты қалайда таңғалдыру деген жасанды ұмтылыс жоқ. Олар тек денеге мінсіз қонып, адаммен бірге еркін қозғалады әрі өте ыңғайлы көрінеді. Бұл Жескьер шығармашылығындағы айтарлықтай өзгеріс деуге болады. Осыдан бір жыл бұрын өзінің күзгі топтамасында ол алып көлемді, фантастикалық пішіндермен тәжірибе жасаған еді. Енді міне, силуэттер әлдеқайда сабырлы қалыпқа түсті. Дизайнердің өзі мұны қарапайымдылық пен тазалыққа деген ұмтылыс деп түсіндіреді.

Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight

Бір қарағанда оның киімдері шынымен де минималистік рухта көрінеді. Бірақ бұл қарапайымдылықтың астарында үлкен еңбек жатыр. Киімді осыншама жеңіл ету үшін дизайнер мен оның командасы сырт көзге байқалмайтын күрделі жұмыс жасаған. Жескьер маталармен және киімнің құрылымымен көп тәжірибе жасайды. Сыншылардың айтуынша, топтамадағы кейбір пальтолардың салмағы кәдімгі футболкадан да жеңіл. Дизайнердің өзі бұл тәсілді «ағынды эргономика» деп атайды. Яғни киім адаммен бірге қозғалып, денеде мүлдем сезілмеуі тиіс. Жескьер талғампаздықты сақтай отырып, гардеробты адамның екінші терісіне айналдыра алды.

15 фотоның / 1 фотосы Louis Vuitton көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight