Tatler осы маусымдағы ең өзекті заттарды іріктеп, оларды гардеробыңызда міндетті түрде болуы тиіс тізімге қосты
Қабылан
Қабылан (леопард) принті, негізінде, ешқашан сәннен шықпаса да, биыл подиумдарды қайтадан жаулап алды. Бұл күзде ол Khaite, Fendi және Valentino топтамаларында күтпеген жерден пайда болды.

Бұл принт әдеттегі сыртқы киімдерден асып, бүкіл гардеробты бағындырды. Мәселен, Valentino оны терімен әрленген костюм түрінде, Khaite жекет пен қарындаш-белдемше түрінде, ал Saint Laurent винил топтарда ұсынды. Fendi болса, бұл принтпен толықтырылған сөмке мен етігі бар «тотал-лук» (бір түсті киім) үлгісін көрсетті.

Биікте
Tom Ford үшін дебюттік топтамасында Хайдер Акерманн айрықша тартымдылық пен күшке баса назар аударды. Ол жүріске сенімділік, ал тұрысқа мінсіздік беретін шпилькаларды басты акцентке айналдырды. Жібек, лакталған былғары, питон терісі, үшкір ұшы және міндетті түрде биік өкше – бұл туфлилер тартымдылық пен қатаң талғампаздықтың арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұр. Ұлы Том Форд өсиет еткенін Хайдер Акерманн дәл ұғынып, асқан шеберлікпен жеткізді.

Тік өкшелер
Бұл маусымда басты назарды «бас айналдыратын» тік өкшелі туфлилер аударды. Saint Laurent, Tom Ford және Gucci сияқты брендтер power pumps (биік өкшелі туфли) өнерін жетілдіріп, шыңдады.

