Style|Fashion

PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы

Автор Егор Ходаков
27.08.2025
PUMA x ROSÉ | PUMA
IMAGE PUMA x ROSÉ | PUMA

PUMA классикасына жаңа дем берген ынтымақтастық

BLACKPINK тобының мүшесі және PUMA-ның жаһандық амбассадоры ROSÉ PUMA брендімен бірлесіп жасаған алғашқы толыққанды топтамасын таныстырды. Монохромды капсулалық PUMA x ROSÉ топтамасы әншінің нәзік талғамы мен ерекше эстетикасынан сыр шертеді.

Топтама толыққанды гардеробты қамтиды: кең пішілген спорттық шалбар, көлемді трек-топ, сыдырмалы худи, қысқа сыдырмалы күртеше, торлы топ, қысқартылған лонгслив пен футболка, мини-белдемше, кепка, X-Small Duffle және Micro Grip сөмкелері. Сондай-ақ, топтаманың інжу-маржаны – Speedcat кроссовкасының екі жаңа нұсқасы. Ballet моделі пуанттың әуедегі жеңілдігінен шабыт алған, өкшесі баумен өрілген дизайнымен ерекшеленсе, OG Premium моделі бүкіл кроссовканы орап тұратын контрастты сәндік бауымен көз тартады.

PUMA x ROSÉ | PUMA
IMAGE PUMA x ROSÉ | PUMA
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы
PUMA x ROSÉ: K-pop жұлдызының алғашқы топтамасы

PUMA x ROSÉ топтамасы 28 тамыздан бастап сатылымға шығады.