Style|Fashion

Prada мен National Geographic: мұхитты қорғауға арналған ерекше жоба

Автор Адиса Кин
20.01.2025
Prada
IMAGE Prada

Италиялық Prada сән үйі National Geographic-пен бірігіп, Re-Nylon топтамасына арналған деректі фильмдер сериясын ұсынды

Төрт бөлімнен тұратын деректі фильмдер топтамасы сән мен мұхиттарды қорғау идеясын ұштастырады. Басты рөлдерде – Бенедикт Камбербэтч пен Сэйди Синк. Сондай-ақ SEA BEYOND жобасының амбассадорлары Валентина Готтлиб, Джованни Чименти және National Geographic сарапшылары да қатысады.

Prada Group 2019 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық океанографиялық комиссиясымен серіктесе отырып, мұхитты сақтау мақсатындағы SEA BEYOND білім беру бағдарламасына қолдау көрсетіп келеді. Осы бірлестік барысында Re-Nylon топтамасын шығарған. Бұл коллекция мұхиттан және қоқыс полигондарынан жиналған қайта өңделген пластиктен жасалған. Сонымен қатар коллекцияның сатылымынан түскен кірістің 1%-ы SEA BEYOND бағдарламасына аударылып, болашақ ұрпақтың мұхитты сақтау туралы білімін арттыруға бағытталады.
 

Prada
IMAGE Prada
Prada мен National Geographic: мұхитты қорғауға арналған ерекше жоба

2025 жылғы жобаның аясында Бенедикт Камбербэтч Норвегияға аттанса, Сэйди Синк Мексиканың табиғи экожүйесін зерттейді. Әрбір бөлім теңіздердің күрделі әлемін көрсетіп, экожүйелердің нәзік тепе-теңдігін сақтау қажеттігін еске салады.

Re-Nylon топтамасын Prada сайтында сатып алуға болады.

Re-Nylon қалыңдығы орташа мамық курткасы | Prada
IMAGE Re-Nylon қалыңдығы орташа мамық курткасы | Prada
Re-Nylon Панамасы | Prada
IMAGE Re-Nylon Панамасы | Prada
Re-Nylon дорбасы | Prada
IMAGE Re-Nylon дорбасы | Prada
Re-Nylon Куртка-блузоны | Prada
IMAGE Re-Nylon Куртка-блузоны | Prada