Style|Fashion

Педро Паскаль Chanel брендінің амбассадоры атанды

АвторыTatler Kazakhstan
13.04.2026
Педро Паскаль Голливудтағы 98-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде, 15 наурыз 2026 жыл | Фотосуретші: Джон Ширера | Getty Images
IMAGE Педро Паскаль Голливудтағы 98-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде, 15 наурыз 2026 жыл | Фотосуретші: Джон Ширера | Getty Images
Матье Блази бізді Chanel-дің алғашқы ерлер топтамасының жарық көруіне біртіндеп дайындап жатқан сыңайлы

Креативті директор Матье Блази өзінің сторисінде жаңа амбассадор Педро Паскальдің Chanel командасына қосылғанын қуана хабарлады. Жарияланған бейнежазбада The Last of Us және The Mandalorian сериалдарының жұлдызы жағасында Chanel логотипі бар қою қызыл джемпермен көрініп, фотодүңгіршекте бірнеше суретке түседі.

Бұған дейін, өткен жылдың қараша айында 2025-жылғы CFDA Awards рәсімінде «Сән иконасы» сыйлығын қанжығасына байлаған A$AP Rocky де осы брендтің амбассадоры атанған еді. Дегенмен, Chanel-де әлі күнге дейін ерлерге арналған жеке желі жоқ.

Бірақ Матье Блази бұл олқылықтың жақын арада өзгеретініне бізді дайындап жатқандай. Сән үйі өзінің жарнамалық науқандары мен маңызды шараларына ер азаматтарды жиі тарта бастады. Мәселен, бұған дейін арнайы тігілген Chanel киімімен актер Джейкоб Элорди ел алдына шыққан болатын. Педро Паскаль да бұған дейін аталмыш брендтің киім үлгілерін таңдаған, оның ішінде «Оскар-2026» рәсіміндегі образын да айта кетуге болады.