Style|Fashion

Париждегі тропик және Dior топтамасының жаңа тынысы

АвторыTatler Kazakhstan
07.07.2026
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Шілденің 6-сы күні Парижді аптап ыстық қысып тұрған шақта, Dior көрсетіліміне келген қонақтар Роден музейінің жанындағы нағыз жасыл желекке оранған оранжереяға еніп, сая тапқан еді. Дәл осы табиғат аясында креативті директор Джонатан Андерсон француз сән үйі үшін жасаған өзінің екінші кутюр топтамасын көпшілік назарына ұсынды

Таңдалған бұл орын дизайнердің басты идеясын – табиғат, өнер және қол еңбегін бір арнаға тоғыстыру мақсатын дәл беріп тұрды. Андерсон өзінің екінші haute couture топтамасында бұған дейін Мария Грация Кьюри қалыптастырған дәстүрді, яғни әйел суретшілермен бірлесіп жұмыс істеу үрдісін сәтті жалғастырып отыр. Бұл жолы ол соңғы алпыс жылдағы АҚШ өнерінің ең ықпалды тұлғаларының бірі, америкалық суретші Линда Бенглиспен шығармашылық байланыс орнатқан екен. Айта кетейік, олардың бұл серіктестігі сонау 2023 жылы, Андерсон Loewe брендінде жұмыс істеп жүргенде-ақ басталған болатын. Ол кезде дизайнер Бенглисті брендке арнап көркем инсталляциялар жасауға шақырған еді.

10 фотоның / 1 фотосы Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан

Линда Бенглис өнертанушылар жиі «қатып қалған қимыл» деп атайтын ерекше мүсіндерімен танымал. Ол өз жұмыстарында дәстүрлі қола, қағаз бен балауыздан бастап, латекс, көбік және жылтырақтар сияқты тосын материалдарды да еркін қолдана береді. Суретшінің материалмен жұмыс істеудегі осындай батыл әрі шекара танымайтын тәсілі Андерсонның басты шабыт көзіне айналғаны анық.

Сондықтан жаңа топтамада киімнің пішінінен гөрі матаның беткі қабаты мен оның фактурасына басымдық беріліпті. Андерсон бұл көрсетілімді материалдарды зерттеу алаңына айналдырып жіберді десек те болады. Подиумда көлемді шашақтар, қолдан жасалған үлкен гүлдер, қатпарлы банттар, жарқыраған твид, сұйық металл эффектісі бар маталар мен күрделі әжімделген фактуралар көз жауын алды. Бұл тәсілдер Бенглистің материалды қалыпты формадан шығарып жіберетін балауыз картиналары мен латекс мүсіндерімен үндесіп жатты. Дизайнер де суретші сияқты матаны толықтай бағындыруға тырыспай, оның еркін қисайып, пішінін өзгертуіне және нағыз мүсін өнеріне айналуына мүмкіндік берген.

Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан
10 фотоның / 1 фотосы Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Dior баспасөз қызметінің мұрағатынан

Әдеттегідей, дизайнер аксессуарларға да айрықша назар аударған. Суретшімен бірлесе отырып төрт жаңа сөмке үлгісі дүниеге келді: металл қатпарлары бар Dior Cigale, мүсіндік Dior Bow, Lady Dior-дың жаңа нұсқасы және Линда Бенглистің стилінен шабыт алған бантты Petit Dîner сөмкесі. Алайда көптің назарын өзіне ерекше аударған ең тосын аксессуар – жіңішке шынжырға ілінген, сауытты хайуан пішініндегі күміс түсті сөмке болды.

Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

15 фотоның / 1 фотосы Dior | Haute Couture күз-қыс 2026 | Spotlight

Дегенмен, топтаманың басты символы ретінде бас киімдерді атап өткен жөн. Мүсінге бергісіз қатпарлы қалпақтар жеке өнер туындысы сияқты көрінді. Оларды жасау үшін Андерсон тағы да әйгілі бас киім шебері Стивен Джонстың көмегіне жүгініпті.

Қонақтарға көрсетілім алдында таратылған желпуіш-шақырту сияқты, бұл топтама да үнемі қозғалыста өмір сүреді: ол ашылады, пішінін өзгертеді және киімді тек гардероб бөлшегі емес, нағыз мәдени артефакт ретінде бағалауға шақырады.