Style|Fashion

Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)

АвторыTatler Kazakhstan
11.03.2026
Louis Vuitton күз–қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton күз–қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight
2–10 наурыз аралығында Франция астанасында Paris Fashion Week күз–қыс 2026 маусымының соңғы нүктесі қойылды

Әлемдік сән картасындағы ең маңызды төрт апталықтың қорытындысы саналатын, сәнқойлар қауымы асыға күтетін Париж салтанатының шолуын жалғастырамыз. Chanel твид жиынтықтарының жаңаша түрленуі, Balenciaga ұсынған «эйфория» сезімі және Louis Vuitton-ның бірегей жамылғылары – Tatler назарындағы ең жарқын топтамаларға тоқталамыз.

Yohji Yamamoto

82 жастағы жапон шебері биыл да өз стилінен айнымай, көпшілікті таңғалдырды. Ол жапон киімінің дәстүрлі элементтерін көпқабатты бейнелермен шебер үйлестіріп, модельдерді сыртқы әлемнен қорғайтын қауашаққа орап қойғандай әсер қалдыратын бірегей образдарды паш етті. Шоудың басты жаңалығы ретінде модельдердің мүсін тәрізді ерекше, күрделі шаш үлгілерін ерекше атап өтуге болады.

Yohji Yamamoto күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

11 фотоның / 1 фотосы Yohji Yamamoto күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Celine

Майкл Райдер Celine брендіне арналған үшінші топтамасы арқылы бұл сән үйінің табиғатын жете түсінетін шебер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Дәстүрлі жібек орамалдардың орнын көлемді шарфтар басқан бұл жинақта еркін стиль мен классикалық мектеп формасының элементтері бір арнада тоғысқан. Дизайнер 2025 жылы өмірден өткен, кезінде Celine брендін сүйіп киген Дайан Китонның образдарынан шабыт алғаны әр киім үлгісінен сезіліп тұрды.

Celine күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

15 фотоның / 1 фотосы Celine күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Hermès

Надеж Ване-Цыбульски жаңа топтамасына күн еңкейіп, іңір түскен, айнала тылсым күйге енген сәтті негізгі арқау еткен. Бұл идея күн батқандағы жалын түстерінен бастау алып, біртіндеп қанық қызылға, ал соңында қою көк пен сұр-қара реңктерге ұласатын түстер палитрасынан анық байқалады. Топтаманың негізін былғары комбинезондар мен етікке жалғасып кететін жокей шалбарлары құрады.

Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Париж сән апталығының ең басты көрсетілімдері (екінші бөлім)
Hermès күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

13 фотоның / 1 фотосы

Elie Saab

Elie Saab бұл жолы әдеттегі нәзіктікті драмаға толы ауырлау стильге алмастыруды жөн көрген. Жібек пен сатинді твид пен қолтырауын терісіне айырбастаған дизайнер сұлбаларды барынша қатал, геометриялық тұрғыдан нақты етіп шығарды. Тіпті брендтің басты нышаны саналатын нәзік шілтердің өзі де былғары белдіктермен құрсауланып, суықтау әрі салмақты көрінеді.

Elie Saab күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

13 фотоның / 1 фотосы Elie Saab күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Balenciaga

Balenciaga-ның жаңа креативті директоры Пьерпаоло Пиччолиге Кристобаль Баленсиаганың 1950–1960-жылдардағы классикалық мұрасы мен Демна Гвасалия кезінде брендтің ажырамас бөлігіне айналған заманауи жастар мәдениеті арасында алтын көпір орнату міндеті жүктелген еді. Ол бұл екі бағытты ұштастырып қана қоймай, сән үйіне өзіндік жаңа көзқарас әкелуді көздеп отыр.

Осы мақсатта Пиччоли «Euphoria» сериалының режиссері Сэм Левинсонмен бірлесіп, «қараңғылықтан жарық іздеу» тақырыбына арналған иммерсивті видеожоба ұсынды. Шоу кезінде залдағы алып экрандарда сериалдың алдағы төртінші маусымынан үзінділер көрсетілді. Ал топтамада былғары бомберлер мен сериал кадрлары басылған принттердің, сондай-ақ батыл пішіндердің басым болуы брендтің жаңа бағытын айқындай түсті.

Balenciaga күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

15 фотоның / 1 фотосы Balenciaga күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Chanel

Матье Блази Коко Шанельдің «күндіз жұлдызқұрт болсаң, түнде көбелекке айнал» деген сөзін негізге ала отырып, функционалдылық пен қиялды керемет ұштастырды. Күндізгі қарапайым образдардан басталып, біртіндеп ауадай жеңіл кешкі көйлектерге ауысатын бұл топтама «жұлдызқұрттың көбелекке айналу» процесін талғаммен сипаттайды. Тіпті классикалық твид костюмінің өзі найзағайлы жакеттерден қауырсынмен көмкерілген үлгілерге дейін өзгерген.

Chanel күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

15 фотоның / 1 фотосы Chanel күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Louis Vuitton

Николя Жескьер Louis Vuitton үшін кезекті шоуын Лувр сарайының ішкі аулаларының бірінде өткізді. Дизайнер сарай алаңын мүсіндік тау ландшафтына айналдырып, подиумға нағыз «бақташыларды» шығарды.

Топтаманың басты ерекшелігі – жүннен жасалған ерекше мүсіндік жамылғылар мен қазақтың кебенек-жапқыштарына, түріктердің кепенегіне немесе Кавказ халықтарының бөрік-бүркемелеріне ұқсайтын ауыр сырт киімдер болды. Бақташылық тақырыбы сөмкелердің таяққа түйіншек ретінде ілініп, модельдердің иығында тербелуімен толықтырылды – бұл шешім жалпы концепция аясында өте келеке көрінді. Кейбір образдардан украин суретшісі Назар Стреляев-Назарконың туындыларына тән қойлардың бейнелерін аңғаруға болатын еді.

Louis Vuitton күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

12 фотоның / 1 фотосы Louis Vuitton күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Miu Miu

Миучча Прада жаңа Miu Miu шоуында модельдерді «орманға серуенге» шығарғандай әсер қалдырды: подиумға кілемнің орнына нағыз мүк төселіп, айналадан ылғал топырақтың иісі аңқыды. Модельдер жасыл подиуммен жиектеріне мүк сияқты жүн «өсіп шыққан» пальтолар мен жылтыр тастармен безендірілген құлақшындар киіп өтті.

Топтаманың соңына қарай олар үстеріндегі әдейі қысқартылған мини-көйлектерімен және бастарындағы жасөспірімдерге тән спираль-орамаларымен нағыз «орман нимфаларына» айналды. Подиумға шыққан модельдердің арасында Джиллиан Андерсон, Хлоя Севиньи және оңтүстіккореялық әнші Ёнджун байқалды.

Miu Miu күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

14 фотоның / 1 фотосы Miu Miu күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight