Бірнеше айға созылған шексіз қызыл кілемшелер мен марапаттау рәсімдерінен кейін, міне, финалдық кезеңге де келіп жеттік. Лос-Анджелестегі Dolby театрында 98-ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Дәстүр бойынша, қызыл кілемше бойымен жүріп өткен жұлдыздардың образдарына тамсана отырып, өз фавориттерімізді таңдаймыз
Биылғы салтанатты шарада Chanel мен Dior сән үйлері басты назарда болды. Бұл көбіне жаңа креативті директорлар – Матье Блази мен Джонатан Андерсонның жемісті жұмысының нәтижесі. Chanel киімін киген арудың «Үздік әйел рөлі» үшін соңғы рет қашан «Оскар» алғаны есімізде де жоқ. Бұл жолы бақ Джесси Баклиге бұйырды: ол Грейс Келлидің 1956 жылғы бейнесіне құрмет ретінде, сол стильде тігілген көйлекпен шықты.
Сондай-ақ, Louis Vuitton, Valentino және Armani сән үйлері де қызыл кілемшеде дәстүрлі түрде жоғары талғаммен танылды.
Ерлердің образдары да олардан кем түскен жоқ. Педро Паскаль мұртын қырып, Chanel-дің арнайы өзіне арнап тіккен (француз сән үйінде әлі күнге дейін ерлер желісі жоқ екенін еске саламыз) образында алып брошь тағып бой көрсетті. Пол Мескал Celine костюмін таңдаса, Balenciaga өз амбассадоры Хадсон Уильямсты киіндірді.
Dior сән үйінің образын таңдаған Роуз Бирн
IMAGE Роуз Бирн Голливудта 2026 жылдың 15 наурызында өткен 98–ші «Оскар» салтанатына қатысты | Getty Images
Chanel сән үйінің көйлегін киіп келген Джесси Бакли
IMAGE Джесси Бакли 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде | Getty Images
Louis Vuitton ансамблін таңдаған Ренате Реинсве
IMAGE Ренате Реинсве 2026 жылдың 15 наурызында Голливудта өткен 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде бой көрсетті | Getty Images
Balenciaga мен Bvlgari бұйымдарымен үйлесім құрған Хадсон Уильямс
IMAGE Хадсон Уильямс 98–ші «Оскар» салтанатының қонағы болды | Getty Images
Тейяна Тейлор Chanel-де
IMAGE Тейяна Тейлор Голливудта 2026 жылдың «Оскар» сыйлығының кешінде | Getty Images
Энн Хэтэуэй Valentino мен Bvlgari туындыларын үйлестірді
IMAGE Энн Хэтэуэй Голливудта 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде | Getty Images
Chanel-дің эксклюзивті образын киген Педро Паскаль
IMAGE Педро Паскаль «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде, Голливуд | Getty Images
Thom Browne киіміндегі Одри Нуна
IMAGE Одри Нуна 15 наурызында Голливудта өткен 98–ші «Оскар» салтанатына келді | Getty Images
Valentino-ның талғампаз нарядындағы Одесса Эзайон
IMAGE Одесса Эзайон | Getty Images
Деми Мур Gucci көйлегінде
IMAGE Деми Мур 98–ші «Оскар» сыйлығының салтанатты шарасында, Голливуд | Getty Images
Givenchy ұсынған нәзік нарядтағы Эль Фаннинг
IMAGE Эль Фаннинг Голливудта өткен 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде | Getty Images
Эмма Стоун Louis Vuitton көйлегін таңдады
IMAGE Эмма Стоун «Оскар» салтанатында, Голливуд | Getty Images
Dior сән үйінің костюмін киген Эми Мэдиган
IMAGE Эми Мэдиган «Оскар» марапаттау рәсімінде | Getty Images
Chanel-дің классикалық образындағы Николь Кидман
IMAGE Николь Кидман 98–ші «Оскар» салтанатының қонағы болды | Getty Images
Dior ұсынған ерлер костюміндегі Леонардо ДиКаприо
IMAGE Леонардо ДиКаприо 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде, 15 наурыз, 2026 жыл. Голливуд | Getty Images
Миа Гот Dior туындысында
IMAGE Миа Гот | Getty Images
Celine костюмін таңдаған Пол Мескал мен Chanel көйлегін киіп келген Грейси Абрамс
IMAGE Пол Мескал мен Грейси Абрамс | Getty Images
Гвинет Пэлтроу Armani-де
IMAGE Гвинет Пэлтроу 98–ші «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде, Голливуд | Getty Image
Dior және Louis Vuitton образдарындағы Роберт Паттинсон мен Зендея
IMAGE Роберт Паттинсон мен Зендея Голливудтағы Dolby театрының сахна сыртында, «Оскар» салтанаты | Getty Images
Кейт Хадсон Armani көйлегін таңдады
IMAGE Кейт Хадсон Armani көйлегінде бой көрсетті | Getty Images
Dior киіміндегі Майки Мэдисон
IMAGE Майки Мэдисон 2026 жылдың 15 наурызында Голливудта өткен 98–ші «Оскар» салтанатының қонағы болды | Getty Images
Чейз Инфинити Louis Vuitton-да
IMAGE ейз Инфинити «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде | Getty Images
Инга Ибсдоттер Лиллеос Loewe ұсынған бейнеде
IMAGE Инга Ибсдоттер Лиллеос 2026 жылдың 15 наурызында Голливудта өткен 98–ші «Оскар» марапаттау кешінде | Getty Images