Style|Fashion

Николас Холт қалай бір-ақ сәтте сұлулық иконасына айналды?

Автор Индира Тлегенова
11.07.2025
Getty Images
IMAGE Getty Images

Николас Холт кенеттен танымал, тартымды әрі стильді болып шыға келді. Мұның сыры – платина түстес шашы мен стилист Джейсон Болден

Әлемдегі ең ішпыстыратын суперқаһарман – Супермен жайлы фильмді қалай сәтті сатуға болады? Жауабы оңай: басты зұлым кейіпкер Лекс Лютордың рөліне көз тартарлық келісті жігітті алып, оған тартымды стиль жасап беру керек. Міне, бұған ешкім қарсы тұра алмайды.

Біз Николас Холтты актер ретінде бұрыннан-ақ мақтайтынбыз. Оның мансабын «әрдайым періште, бірақ ешқашан Құдай емес» деп сипаттауға болар. Алайда «Супермен» фильмінің пресс-турында ол нағыз сайтанға айналды: өзіне сенімді, тартымды, үстіне Saint Laurent-тың былғары шалбарын киген. Бұл керемет өзгерістің артында кім тұр? Әрине, оның жаңа платина шаш үлгісі мен стилисі Джейсон Болден. Айта кетейік, Джейсон бұған дейін Майкл Б. Джордан, Аарон Пьер секілді жұлдыздармен және баскетболшы Дуэйн Уэйдпен жұмыс істеген.

Джейсон онсыз да мінсіз образдарды Prada мен Bottega Veneta-ның ауыр дизайнерлік сөмкелерімен толықтыра түскен. Никтен сөмкесінде не алып жүретінін сұрағанда, ол: «Құлаққап, тіземді салқындататын аппарат (тізесін жарақаттап алды), бір-екі сценарий, блокнот, iPad, қаламсаптар, бейсболка және қуаттағыштар», – деп жай ғана жауап берді. Бірақ шындығында не болып жатқанын біз білеміз. Қолындағы ауыр сөмке оның Prada майкасының астындағы бұлшықетін одан сайын айқындай түседі.

25 маусым, Лос-Анджелес

Jimmy Kimmel Live шоуы – платина шаш үлгісінің дебюті. Үстіндегісі – Prada-ның 2025 жылғы күзгі топтамасынан сары-жасыл ковбой жемпірі. Шашын «Банкті қалай тонау керек» фильміне бола бояғанымен, оның ультра-тартымды зұлым кейіпкер дәуірі дәл осы сәттен басталған сияқты.

Getty Images
IMAGE Getty Images

30 маусым, Нью-Йорк, Мидтаун

Холт ABC Studios-тан шықты: үстінде майка, сыртындағы жейдесінің түймесін ағытқан, қолында – Prada сөмкесі. Бұл – қоңыр түстің маусымның басты тренді екенін еске бір салғандай.

Getty Images
IMAGE Getty Images

30 маусым, Нью-Йорк, ABC студиясының жанында

Келесі образ: бұлшықетін көрсететін ақ майка, Celine джинсы, денеге оралған сұр жемпір және үлкен Prada сөмкесі. Біздің жүрегіміз де сол сөмкенің ішінде, құлаққап пен сценарийдің арасында бір жерде кетті-ау, сірә.

Getty Images
IMAGE Getty Images

30 маусым, Нью-Йорк, Мидтаун (тағы да)

Нағыз зұлым кейіпкер әрдайым Tom Ford-ты таңдайды. Әсіресе, бұл Хайдер Акерманн жасаған шоколад-қоңыр түсті костюм болса, тіпті керемет.

Getty Images
IMAGE Getty Images

2 шілде, Лондон, «Супермен» премьерасы

Николас Холт кең иықты, белі қыналған екі қатарлы түймелі Bottega Veneta костюмінде. Стилистің айтуынша, бұл образға 2006 жылы «Суперменнің оралуы» фильмінде Лекс Люторды сомдаған Кевин Спейсидің стилі шабыт берген.

Getty Images
IMAGE Getty Images

3 шілде, Лондон, Corinthia-дағы фотоколл

Ник «Қара серіге» нәзік ишара жасағандай, Burberry-дің «жарқанат» жеңді былғары күртешесімен суретке түсті.

Getty Images
IMAGE Getty Images

7 шілде, Лос-Анджелес, «Суперменнің» әлемдік премьерасы

Әлемдік премьера үшін стилист Лекс Лютордың өз эстетикасынан шабыттанып, Холтқа Saint Laurent-ның 2025 жылғы күзгі топтамасынан пиджак пен былғары шалбар таңдаған. Образды David Yurman сақиналары мен Jaeger-LeCoultre сағаты толықтырып тұр. «Өзімді киллердей сезініп тұрмын. Нағыз фэшн-киллер», – дейді Николас Холт. Еш қарсылығымыз жоқ...

Getty Images
IMAGE Getty Images