Style|Fashion

Met Gala 2026 кешінің ең жарқын образдары

АвторыАнастасия Стаханова
05.05.2026
Кэти Перри Met Gala кешінде | Фотосуретші: Gilbert Flores / Variety via Getty Images
IMAGE Кэти Перри Met Gala кешінде | Фотосуретші: Gilbert Flores / Variety via Getty Images
Биылғы шараның басты тақырыбы Costume Art, яғни «Костюм өнері» деп аталды. Сол себепті қызыл кілем үстінен қауырсындарға көмкерілген киімдерді, сондай-ақ антикалық дәуірден бастап комедия дель арте (commedia dell'arte) өнеріне, классикалық кинематограф пен нағыз мұражай жәдігерлеріне дейін жасалған тамаша сілтемелерді байқауға болар еді

Сабрина Карпентердің арнайы тігілген Dior көйлегі

Сабрина Карпентер қызыл кілемге бейнебір кино таспаларынан тігілгендей әсер қалдыратын таңғажайып көйлекпен шықты. Бұл туындының авторы – тікелей Джонатан Андерсонның өзі. Өкінішке қарай, әнші кешке жалғыз келген екен. Соңғы қауесеттерге сенсек, ол Djo тобының вокалисі, Stranger Things сериалының жұлдызы Джо Киримен кездесіп жүрген көрінеді. Тіпті осы жылдың басындағы концерттерінің бірінде ол сахнадан Джомен ашық түрде қалжыңдасып, сезімін білдірген болатын.

Сабрина Карпентер Met Gala 2026 кешінде
IMAGE Сабрина Карпентер Met Gala 2026 кешінде

Пол Энтони Келлидің Dior костюмі

American Love Story сериалында кіші Джон Кеннедидің рөлін сомдаған жұлдыз Пол Энтони Келли көпшілік күткендей мінсіз талғаммен ерекшеленді. Ол айналасындағыларға нағыз ерлерге тән классикалық талғампаздықтың қандай болатынын тағы бір мәрте еске сала келе, қызыл кілемге Dior брендінің сән-салтанаты келіскен барқыт пиджагін киіп шықты. Бұл расымен де бір-бірі үшін жаратылған мінсіз үйлесім еді.

Пол Энтони Келли | Kristina Bumphrey / WWD via Getty Images
IMAGE Пол Энтони Келли | Kristina Bumphrey / WWD via Getty Images

Коннор Сторри арнайы тігілген Saint Laurent образында

Met Gala 2026 кешінде жұрт ең көп күткен дебютанттардың бірі – Hot Rivalry сериалының жұлдызы Коннор Сторри. Осы уақытқа дейін ешбір хоккей лигасының қолынан келмеген дүниені жасап, яғни әйелдер қауымының осы спортқа деген махаббатын оята білген актер қызыл кілемге арнайы тігілген Saint Laurent киімімен шықты.

Жалпы, ежелгі грек мүсіндеріне бергісіз келбеті бар Коннор костюмге бас қатырмай-ақ қойса да, балдың тақырыбына мінсіз сай келер еді. Дегенмен ол басқа жолды таңдапты. Актер балға қатаң пішілген пиджакпен келіп, оның ішінен ақ бұршақтары бар жеңсіз, жұп-жұқа қара блузка киген. Әрине, жұрттың назары бірден Олимп құдайларындай қолдарына ауғаны айтпаса да түсінікті.

Коннор Сторри Met Gala 2026 кешінде | Christopher Polk / WWD via Getty Images
IMAGE Коннор Сторри Met Gala 2026 кешінде | Christopher Polk / WWD via Getty Images
Коннор Сторри Met Gala 2026 кешінде | Christopher Polk / WWD via Getty Images
IMAGE Коннор Сторри Met Gala 2026 кешінде | Christopher Polk / WWD via Getty Images

Зои Кравиц Saint Laurent көйлегімен

Негізі Зои Кравиц қызыл кілемге кез келген киіммен шыға салса да, оған ешкім аса мән бермес еді. Өйткені көпшілікті бір ғана сұрақ мазалады: оның Гарри Стайлспен некелескені рас па, папарацци суретке түсіріп үлгерген әлгі неке сақинасы саусағында бар ма? Бірақ халықтың бұл қызығушылығын алдын ала білген актриса қызыл кілемде қолын қалтасынан бір елі шығармай, сақинасын мүлдем көрсеткен жоқ. Ал үстіндегі көйлегі Энтони Ваккареллоның қолынан шыққан таңғажайып Saint Laurent туындысы болатын.

Зои Кравиц | Theo Wargo / FilmMagic
IMAGE Зои Кравиц | Theo Wargo / FilmMagic

Билл Скарсгардтың Thom Browne киімдері

«Оно», «Оно: добро пожаловать в Дерри» қатарлы фильмдермен танымал актер өз туындылары арқылы кинопрокатқа қандай қаталдық алып келсе, қызыл кілемге де дәл сондай бруталды, еркекке тән қатаң мінез қосты. Thom Browne костюмін таңдаған актердің образы өте сәтті шықты.

Билл Скарсгард | John Shearer / WireImage
IMAGE Билл Скарсгард | John Shearer / WireImage

Сара Пиджон Loewe көйлегімен

American Love Story сериалы аяқталғанымен, ондағы Кэролин Биссет-Кеннедидің рөлін сомдаған Сара Пиджон сол бейнеден әлі толық шыға қоймағандай. Фильмдегі әріптесі Пол Энтони Келлимен бірігіп, 1990 жылдар сәнінің қайта жаңғыруына үлкен үлес қосқан актриса қызыл кілемге минималистік көйлекпен шығыпты. Оның Met Gala кешіндегі алғашқы қадамы өте сәтті әрі талғампаз болды.

Сара Пиджон | Gilbert Flores / Variety via Getty Images
IMAGE Сара Пиджон | Gilbert Flores / Variety via Getty Images

Дри Хемингуэй Valentino көйлегінде

Қызыл кілемнің көркін ашқан American Love Story жобасының тағы бір жұлдызы. Оның Valentino брендінен таңдаған киімінен классикалық комедия дель арте өнері, нақтырақ айтсақ, ондағы Пьеро кейіпкерінің бейнесі айқын байқалады. Бұл биылғы кештегі итальяндық көше театрына жасалған жалғыз сілтеме емес, ол туралы сәл төменде толығырақ тоқтаймыз.

Дри Хемингуэй Met Gala 2026 кешінде | Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue
IMAGE Дри Хемингуэй Met Gala 2026 кешінде | Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue

Ralph Lauren киіп келген Кара Делевинь

Ralph Lauren көйлегінің түсі күңгірт болғанымен, оның пішінінен аңызға айналған самұрық құстың бейнесін көруге болады. Құйрық сияқты созылып жатқан мөлдір шлейф құс қауырсындарына ұқсас өрнектермен көмкерілген. Биылғы Met Gala 2026 кешінде құс бейнесі әлі талай рет алдымыздан шығады деп күткен едік, болжамымыз дәл келді.

Кара Делевинь Met Gala 2026 кешінде | Michael Buckner / Penske Media via Getty Images
IMAGE Кара Делевинь Met Gala 2026 кешінде | Michael Buckner / Penske Media via Getty Images

Эмма Чемберленнің Mugler көйлегі

Эмманың кигені нағыз картина-көйлек деуге әбден лайық. Оны бейнебір майлы бояумен, қалың жағындылармен суретшінің өзі салып шыққандай әсер қалдырады. Образға мін таға алмайсыз.

Эмма Чемберлен | John Shearer / WireImage
IMAGE Эмма Чемберлен | John Shearer / WireImage

Колман Доминго және Valentino

Комедия дель арте бағытына жасалған тағы бір сілтеме. Колман Доминго биыл өткен жылдармен салыстырғанда сәл қарапайым киінгенімен, балдың тақырыбын дәл тапқан екен. Оның пиджагі Арлекин бейнесін бірден еске салады. Мәдениет тарихында бұдан асқан үлкен театр классикасын елестету қиын.

Колман Доминго | Kristina Bumphrey / WWD via Getty Images
IMAGE Колман Доминго | Kristina Bumphrey / WWD via Getty Images

Valentino киіп келген Sombr 

Биыл Met Gala кешіне алғаш рет қатысқан әнші өте талғампаз қадам жасады. Ол жоғарыда айтылған құстар мен қанаттар тақырыбын таңдағанымен, шектен шықпай, бәрін өз орнымен үйлестіре білген.

Әнші Sombr | Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue
IMAGE Әнші Sombr | Dimitrios Kambouris / Getty Images for The Met Museum / Vogue

Кэти Перридің Stella McCartney көйлегі

Кэти Перридің бұл образы арқылы не айтқысы келгенін дөп басып түсіну қиындау. Бір қарасаңыз, Met Gala кешінің тас төселген жолына жасалған сілтеме сияқты, енді бірде космонавт дулығасына немесе Константин Бранкузидің мүсіндерінен шабыт алған маскаға ұқсайды. Десе де, жалпы бейнесі көз тартады. Оның Джастин Трюдомен қарым-қатынасын қолдағанымызбен, әнші бұл кешке жалғыз өзі келіпті.

Кэти Перри  Matt Crossick / PA Images via Getty Images
IMAGE Кэти Перри Matt Crossick / PA Images via Getty Images

Гвендолин Кристи өзінің Giles Deacon көйлегімен

Ал мынау тізіміміздегі комедия дель арте өнеріне жасалған үшінші сілтеме. Көпшілік үшін Гвендолин Кристидің Giles Deacon ұсынған бұл образы біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ біздің көңілімізден шықты. Қанық қызыл көйлекті актрисаның қолындағы маска толықтырып тұр. Бұл ғасырлар бойы итальяндық көше театрының ажырамас бөлшегі саналған атрибут екенін естеріңізге сала кетейік. Бұрын олар былғарыдан жасалатын. Мына маска да соған қатты ұқсайды.

Гвендолин Кристи Met Gala 2026 кешінде | Mike Coppola / Getty Images
IMAGE Гвендолин Кристи Met Gala 2026 кешінде | Mike Coppola / Getty Images

Хадсон Уильямс және Balenciaga

Hot Rivalry сериалының тағы бір жұлдызы, Met Gala кешінің жаңа қатысушысы Хадсон Уильямс әріптесі Коннор Сторри сияқты классика жолын таңдаған жоқ. Ол қызыл кілемге глэм-рок стилін қосуды ұйғарыпты. Актер бұл сән кешіне матадор бейнесінен шабыт алған Balenciaga образын киіп келді. Әйгілі қысқа пиджак, ашық түстер – бәрі жақсы ұйқасып тұр. Жігіттердің бір-біріне ұқсамай, стилистикалық тұрғыда дараланып тұрғаны қуантады.

Хадсон Уильямс Met Gala 2026 кешінде | Фотосуретші: Matt Winkelmeyer / MG26 / Getty Images for The Met Museum / Vogue
IMAGE Хадсон Уильямс Met Gala 2026 кешінде | Фотосуретші: Matt Winkelmeyer / MG26 / Getty Images for The Met Museum / Vogue

Джордан Рот Robert Wun көйлегінде

Театр продюсері Джордан Рот жұртта эпатаж жасаудан ешқашан қорыққан емес. Иығындағы «тотықұс» көңілімізден шыққанымен, көйлектің түсі туралы олай айта алмаймыз. Осымен тәмам.

Джордан Рот на Met Gala 2026 | Jamie McCarthy / Getty Images
IMAGE Джордан Рот на Met Gala 2026 | Jamie McCarthy / Getty Images