Бұл актердің брендпен алғашқы жұмысы емес: бұған дейін Эйдельштейн Saint Laurent-ның сән көрсетілімдері мен кештерінің қонағы болған, тіпті сән үйі үшін арнайы плейлист құрастырып, оған қазақстандық орындаушылардың да туындыларын қосқан еді.
Маркты жиі «ресейлік Тимоти Шаламе» деп атап, оны Голливудтың ең болашағы зор жас жұлдыздарының қатарына жатқызады. Saint Laurent-нан бөлек, актер Balenciaga брендінің досы болып табылады және олардың 2025 жылғы жазғы топтамасының жарнамалық науқанына да қатысқан.
Эйдельштейннің бағы 2025 жылы Шон Бейкердің «Анора» фильміндегі орыс олигархының ерке ұлының рөлінен кейін жанды. Айта кетсек, бұл туынды Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алып, «Жылдың үздік фильмі» номинациясында «Оскар» сыйлығын иеленді.
