Style|Fashion

Мәңгілік тоңды жарып шыққан гүлдер: J.Kim бренді жаңа топтамасын ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
14.08.2026
Мәңгілік тоңды жарып шыққан гүлдер: J.Kim бренді жаңа топтамасын ұсынды
Permafrost Blossom топтамасының атауы «Мәңгілік тоңның гүлдеуі» деген мағынаны береді

Жаңа топтаманы жасауға негізгі шабыт көзі ретінде мәңгілік тоң таңдалған. Бұл дегеніміз бойында қоректік заттар, ауа мен ылғал болмаса да, сирек кездесетін гүлдер мен шөптер бүр жарып, өсіп шығатын қатал да қатыгез топырақ. Топтамадағы көптеген киім үлгілері Өзбекстандағы, әсіресе шағын қалалар мен шалғай аймақтардағы әйелдердің қазіргі өмірін бақылаудан туындаған. Олардың кербез, романтикалық әрі нәзік пішіндерге деген құштарлығы көбіне күнделікті өмірде де жарқын әрі сәнді киінуге деген ұмтылыспен қатар жүреді. Сондықтан бұл топтамадан пайеткалар, страздар, сондай-ақ түстер мен фактуралардың ерекше үйлесімін байқауға болады.

J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан

Топтамаға көлемді гүлдермен, қиғаш кесінділермен және мүсіндік жағалармен әрленген велюр бұйымдары, пішінін түрлендіретін жамылғылар мен винтажды астарлы сырт киімдер енді. Ал сөмкелер қолдан тоқылған гүлдермен безендірілген.

J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE J.Kim баспасөз қызметінің мұрағатынан

J.Kim – Ташкенттегі корей отбасында дүниеге келіп, Мәскеуде өскен дизайнер Женя Кимнің бренді. 2022 жылы Женя Ким өз брендін Ресейден Өзбекстанға көшірді. Әр жылдары J.Kim киімдерін Наталья Водянова, Кайли Дженнер, Малия Обама және Розалия сияқты танымал тұлғалар киіп шықты. Ал 2026 жылы брендтің образдары Margo's Got Money Troubles сериалындағы Эль Фаннингтің үстінен де көрінді.