Style|Fashion

Maison Margiela сән үйінің ең үлкен аукционы

Автор Адиса Кин
19.12.2024
Maison Margiela сән үйінің ең үлкен аукционы

2025 жылдың 27 қаңтарында Парижде Maison Margiela сән үйінің 1988-1994 жылдары тігілген 270-ден астам эксклюзивті заттары аукционда сатылады

Maison Margiela-ның бас дизайнері Джон Гальяноның қызметінен кетуі туралы жаңалықтардан кейін сән үйі тағы да көпшіліктің назарын аударуда. Бұл жолы аукцион Мартин Марджеланың 1988-1994 жылдары өз қолымен жасаған түпнұсқа киімдері мен құнды жәдігерлерін көпшілікке ұсынады.

Аукционға шығарылатын коллекция итальяндық Грациелла Пикоццидің екі қызы Анджела және Елена Пикоццидің жеке мұрағатынан алынған. 1970 жылы Грациелла мен оның күйеуі Марко Пикоцци Deni Cler брендін ашқан. Жап-жас Мартин Марджела дәл осы брендте алғашқы жұмысын бастаған еді. Кейін Марджела Dior-ға кеткеніне қарамастан, олардың достығы үзілмеді. «Бастапқы жылдар» деп аталған коллекция Марджеланың шығармашылық бастауының шынайы бейнесін ұсынады.

Kerry Taylor and Maurice Auction
IMAGE Kerry Taylor and Maurice Auction
Kerry Taylor and Maurice Auction
IMAGE Kerry Taylor and Maurice Auction
Фото: George Mavrikos
IMAGE Фото: George Mavrikos

Киімдердің басым бөлігі ешқашан киілмеген, ал кейбір заттар түпнұсқалық қораптарында сақталған. Сонымен қатар, аукционда Марджеланың алғашқы скетчтары, маталарының үзінділері сияқты құнды жәдігерлер де ұсынылады.

Аукцион 27 қаңтарда Boulevard Voltaire 81 мекенжайында өтеді.  Оған дейін көпшілік үшін арнайы көрме ұйымдастырылады. Ал онлайн бақылайтындар үшін drouot.com және invaluable.com сайттарында трансляция қолжетімді болады.