Style|Fashion

Louis Vuitton бренді Real Madrid футбол командасымен серіктестік орнатқаны туралы жариялады

Автор Зарина Баймусина
13.06.2025
louisvuitton.com
IMAGE louisvuitton.com

Көпжылдық серіктестік аясында эксклюзивті костюмдер, дайын киімдер, аксессуарлар және чемодандар жасалады

Келісім бойынша Louis Vuitton компаниясы ерлер мен әйелдер футбол командаларына, сондай-ақ ерлер баскетбол командасына арналған жабдықтардың ресми жеткізушісі болады. Бұл серіктестік Louis Vuitton брендінің жоғары деңгейдегі спорт саласындағы ықпалын нығайта түседі. 

Ерлер киімінің креатив директоры Фаррел Уильямс әзірлеген ресми және саяхат киімдерінің эксклюзивті топтамасына клубтың ақ және алтын түстегі реңіне сай «RM» инициалдары бар арнайы тігілген киімдер, аксессуарлар және багаж кіреді. Бұл заттар тек ойыншылар мен клуб қызметкерлеріне арналған және сатылымға шығарылмайды.⁠

louisvuitton.com
IMAGE louisvuitton.com
louisvuitton.com
IMAGE louisvuitton.com
Louis Vuitton бренді Real Madrid футбол командасымен серіктестік орнатқаны туралы жариялады

«Real Madrid мінсіздік пен эволюцияны білдіреді. Біз әрқашан алға ұмтыламыз. Осы энергия Louis Vuitton-дағы жұмысымызға дем береді. Бұл гардероб та осы мақсатта жасалған – өз ісіне берілу, күш пен стильді біріктіретін заттар. Real Madrid пен Louis Vuitton қоғамға үлкен құрмет көрсетеді. Біздің ортақ құндылық серіктестігімізді берік етеді», – дейді Фаррелл Уильямс.

louisvuitton.com
IMAGE louisvuitton.com