Style|Fashion

Лондонда өткен The Devil Wears Prada 2 премьерасындағы ең жарқын образдар

АвторыTatler Kazakhstan
23.04.2026
Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Стэнли Туччи мен Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Cineworld Leicester Square мен Vue West End кинотеатрларында өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Мэрил Стрип, Энн Хэтэуэй, Стэнли Туччи мен Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Cineworld Leicester Square мен Vue West End кинотеатрларында өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
Лондонда көпшілік асыға күткен The Devil Wears Prada 2 фильмі жалғасының еуропалық премьерасы өтті. Нью-Йорктегі көрсетілімнен кейін түсірілім тобы туындыны Лестер-скверде таныстырды. Жоба жұлдыздары баспасөз турындағы кезекті қызыл кілемге шығып, көпшілік назарына жаңа образдарын ұсынды

Atelier Versace киген Энн Хэтэуэй

Энди Сакс рөлін сомдаған актриса Atelier Versace брендінің көз тартарлық көйлегін таңдады. Брендке тән классикалық драмалық силуэт пен мінсіз пішім образға нағыз киноға тән әр беріп, оның гламурлық сипатын айшықтай түсті. Айтпақшы, Лондондағы премьераға былтыр Versace креативті директоры қызметінен кетіп, қазір брендтің амбассадоры атанған Донателла Версаче де келді.

Энн Хэтэуэй 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Энн Хэтэуэй 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images

Ал A Night With Runway гала-кеші үшін Энн арнайы тігілген Louis Vuitton көйлегін киіп, образын өзгертті.

Энн Хэтэуэй 2026 жылғы 22 сәуірде Лондондағы Ұлттық галереяда 20th Century Studios ұсынған The Devil Wears Prada 2 фильміне арналған A Night with Runway гала-кешінде| Getty Images
IMAGE Энн Хэтэуэй 2026 жылғы 22 сәуірде Лондондағы Ұлттық галереяда 20th Century Studios ұсынған The Devil Wears Prada 2 фильміне арналған A Night with Runway гала-кешінде| Getty Images

Prada киген Мэрил Стрип

Ойдан шығарылған Runway сән журналының бас редакторы Миранда Пристлидің рөлін орындаушысы бұл жолы Prada брендін таңдады. Мұндай таңдау актрисаның образына да, бүкіл франшизаға да үлкен символдық мән береді. Ол қолына Runway журналының шағын нұсқасына ұқсайтын клатч ұстап шықты. Айта кетейік, бұл кейіпкерге америкалық Vogue басылымының бас редакторы Анна Винтурдың бейнесі негіз болған деседі.

Мэрил Стрип 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Мэрил Стрип 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images

Арнайы тігілген Balenciaga көйлегіндегі Эмили Блант

Эмили Блант қызыл кілемге арнайы тігілген Balenciaga образында шығып, көйлектің құрылымды пішімі мен Пьерпаоло Пиччолидің қолтаңбасына тән эстетиканы таңдады. ВВС арнасына берген сұхбатында актриса Миранда Пристлидің бұрынғы көмекшісі Эмилидің рөліне қайта оралу «ешқандай қиындық тудырмағанын, бейне бір ескі тәпішкесін қайта кигендей күйде болғанын» айтты.

Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images

Кейінірек, A Night With Runway гала-кешінде актриса Джонатан Андерсонның дебюттік кутюр топтамасындағы Dior көйлегін киді.

Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Лондондағы Ұлттық галереяда 20th Century Studios ұсынған The Devil Wears Prada 2 фильміне арналған A Night with Runway гала-кешінде| Getty Images
IMAGE Эмили Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Лондондағы Ұлттық галереяда 20th Century Studios ұсынған The Devil Wears Prada 2 фильміне арналған A Night with Runway гала-кешінде| Getty Images

Mugler көйлегін киген Симон Эшли

Симон Эшли The Devil Wears Prada 2 фильмінде Миранда Пристлидің командасында жұмыс істейтін жас редакция қызметкерін – Runway-дің жаңа кейіпкерін сомдайды. Лондондағы премьера үшін Эшли Mugler көйлегін таңдады.

Симона Эшли 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Симона Эшли 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images

Ал Стэнли Туччи Paul Smith
костюмін киіп келді

Актер талғампаз Paul Smith костюмін таңдап, премьераның көркін байсалды британиялық классикамен толықтырды. Оның жанында жұбайы, актриса Эмили Бланттың әпкесі Фелисити болды. Туччи мен Фелисити 2010 жылы Эмилидің үйлену тойында танысқан екен.

Стэнли Туччи мен Фелисити Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images
IMAGE Стэнли Туччи мен Фелисити Блант 2026 жылғы 22 сәуірде Англияның Лондон қаласындағы Лестер-скверде өткен The Devil Wears Prada 2 фильмінің еуропалық премьерасында | Getty Images