Style|Fashion

Кристалданған Lady Dior: өсу мен табиғат күшінің нышаны

Автор Егор Ходаков
18.04.2025
Isaac Monte
IMAGE Isaac Monte

Шебер культтік сипатқа ие болған Lady Dior сөмкесін табиғи оксидтер мен минералдардан жасап шығарды.

Айзек Монте – Роттердамда тұратын бельгиялық дизайнер. Оның жобалары технологияны, өнерді және ғылымды ұштастырады. Монте ерекше органикалық материалдармен жұмыс істеп, орнықты даму идеясын дәріптейді әрі түрлі трансформациялар мен метаморфозаларға қызығушылық танытады. Dior-мен бірлесе отырып жүзеге асырған жобасы аясында шебер аты аңызға айналған Lady Dior сөмкесінің кристалданған нұсқасын ұсынды. Коллаборация сән үйінің Венадағы флагмандық бутигінің ашылуына орайластырылған көрінеді. Жаңа дүкеннің сөрелері түрлі-түсті жылтырақ минералдардан жасалған cannage өрімі бар сөмкелермен безендірілді.

Isaac Monte
IMAGE Isaac Monte
Кристалданған Lady Dior: өсу мен табиғат күшінің нышаны
Кристалданған Lady Dior: өсу мен табиғат күшінің нышаны
Кристалданған Lady Dior: өсу мен табиғат күшінің нышаны

Crystallized сериясы – құмырадан басталған,  сталагмиттер мен минералды түзілістерден шабыт ала отырып жасалған жоба. Мұндай мүсін жасау үшін Айзек Монте өзінің көптеген жылдар бойы шыңдаған тәсілін қолданады, яғни табиғи минералдар мен оксидтерді мұқият өңдеп, оларды жылтырақ кристалдарға айналдырады да, табиғаттың күшін айқындайды.