Style|Fashion

Көз тоймас сұлулық: Марсия Кросс INCLOVER брендінің кутюр көйлегімен көпшілік алдына шықты

АвторыАйгерім Қайназарова
28.08.2026
Марсия Кросс | Фотограф: Грег Александр | INCLOVER баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Марсия Кросс | Фотограф: Грег Александр | INCLOVER баспасөз қызметінің мұрағатынан
«Отчаянные домохозяйки» жұлдызы көпшілікті қазақстандық кутюр көйлегімен тамсандырды

Қазақстандық брендтер әлем нарығында өз орнын нықтап келеді. «Отчаянные домохозяйки» сериалындағы Бри Ван де Камп рөлі арқылы танымал Марсия Кросс өзінің жаңа түсірілімі үшін отандық INCLOVER брендінің кутюр көйлегін таңдады.

Марсия Кросс | Фотограф: Грег Александр | INCLOVER баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Марсия Кросс | Фотограф: Грег Александр | INCLOVER баспасөз қызметінің мұрағатынан

Актриса үсті корсетпен пішілген, етегі жер сызатын көлемді алқызыл көйлекпен шықты. Түсірілім Париждегі тарихи Hôtel de la Païva ғимаратында өтті. Ғимараттың іші алтынмен көмкерілген әрі қанық бордо түсіне боялған. Мұндай тарихи сәулет Кросс образын мінсіз толықтыра түскендей болды.

INCLOVER негізін қалаушы Ғазиза Шабдарбаева Марсияның бұл таңдауы өзі үшін ерекше маңызды екенін жасырмады.

««Отчаянные домохозяйки» сериалын көргенімде, ең сүйікті кейіпкерім үнемі Бри Ван де Камп болатын. Мен үшін ол мінсіз жеке стиль мен ішкі сенімділіктің айқын көрінісі еді. Бриді сомдаған Марсия Кросстың күндердің күнінде менің көйлегімді киіп шығатынын ешқашан елестете алмас едім. Оның INCLOVER көйлегінде қаншалықты ғажап жарасқанын көру мен үшін үлкен қуаныш».

Айта кетейік, бұл Марсия Кросстың отандық брендпен алғашқы ынтымақтастығы емес. Бұған дейін де актриса Мюнхенде өткен Barbara Tag қайырымдылық шарасында INCLOVER образымен бой көрсеткен болатын.