Style|Fashion

Көктөбедегі сән перформансы: Ainur Turisbek-тің fashion-балетінде жан біткен Ахат Сабидулла суреттері

Автор Tatler Kazakhstan
08.12.2025
Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла
Жақында Алматыда Art Chapter Event DOMINO атты ерекше арт-кеш өтті. Бұл жай ғана жиын емес, сән мен заманауи фотоөнердің, перформанс пен қимыл-қозғалыстың тоғысқан жері болды. Осы кеште көптен күткен Ахат Сабидулланың жеке көрмесінің де тұсауы кесілді

Кештің басты сәнін Ainur Turisbek ұсынған fashion-балет келтірді десек, артық айтқандық болмас. Айнұр үшін шығармашылық тек подиуммен шектелмейді. Оның қолында сән нағыз перформансқа, дизайнер мен көрермен арасындағы жанды диалогқа айналады. Ол театр мен балетті, кино мен бейнелеу өнерін, тіпті спорт пен философияны бір арнаға тоғыстырып, мүлде жаңа визуалды тілде сөйлетеді. Бұл кеш те ерекше болды: сән, балет және фотосурет өнері бірігіп, біртұтас туынды күйінде көрерменге жол тартты.

Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла

Шоудың музыкалық әрлеуі MADE in KZ кавер-триосына сеніп тапсырылды. Олар шырқаған «Самғау» мен «Адай» композицияларында домбыраның қоңыр үні заманауи ырғақпен астасып, жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады.

Ал кештің шарықтау шегі DOMINO жеке фотокөрмесінің ашылуы болды. Ахат Сабидулла өзінің бұл жобасын «бір ғана қадам, бір сезім немесе идеяның өзі-ақ көп нәрсені өзгерте алатыны жайлы хикая» деп түсіндірді. Қызыл және көк түсті суреттер тізбегі бейнебір домино тастарындай: әр кадр келесісімен үндесіп, тоқтаусыз қозғалыс әсерін тудырды.

Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла
Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла
Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла
Фотосуретші: Ахат Сабидулла
IMAGE Фотосуретші: Ахат Сабидулла