Аяққа киетін стринг, «күміс түстес – қара сияқты сәнді түс» және басқа да 2025 жылғы көктем-жаз маусымы трендтері.
Биылғы көктемде аяқ киім сәні спорттық стильден күрт алшақтап, «жаңа әйел болмысына» қарай бет алды. Балетка подиум төрінен әлі кете қойған жоқ, алайда дизайнерлер бізге өкшелі аяқ киім кигізгісі келетін көрінеді. Тік өкше емес, танкетка, өйткені эстетика үшін азап шегу үрдісі 2010 жылдары қалып кетті.
Бұл маусымда біз әлі де жұқа аяқ киімге және айқын қарым-қатынасқа құштар екенбіз. Situationship дәуірінде (айқын бір бағыты жоқ қарым-қатынас – Tatler) ауадай қажет дүние. Miu Miu ретро стиліндегі кроссовканы сәнге айналдыруды жалғастырып келеді. Cuntiest Shoes (ағылшын тілінен – ең «өткір», батыл аяқ киім) атағы болса, бармақтарды бөліп тұратын биік өкшелі вьетнамкаға бұйырып тұр. Margiela-ның табиіне ұнайтын дүние.
2025 жылғы көктем-жаз маусымының бес басты аяқ киім трендін қабыл алыңыздар.






Жұқалық
Жұқа аяқ киімнің, бір жағынан, тым ашық, екінші жағынан, бейкүнә көрінетін ерекшелігі бар. Ulla Johnson қисық өкшелі туфлиін бахиламен қапталса, Diesel «стриптің» постирониялық нұсқасын әзірледі. Simone Rocha-ның торлы балеткасы аяқтың «тынысын ашады», ал Victoria Beckham-ның ПВХ-дан жасалған туфлиі аяқты шыжғырып жіберері сөзсіз.




Ретро стиліндегі кроссовка
Prada мен Miu Miu бізді ретро стиліндегі кроссовкамен еліктіруін тоқтатар емес. Шынын айтқанда, қарсылығымыз жоқ. Бастысы, Balenciaga-ның ugly shoes-і тектес тағы бір ревайвлынан гөрі сүйкімді ғой әйтеуір. Бізге ең қатты ұнағаны – Loewe ұсынған стильді хайтоп.




Металл реңкі
Маусымның басты түсі металл реңкі екені айдан анық. Бұған өкшелі «қайықша» да, кроссовка да, Coperni-дің анатомиялық мэри-джейні де боялды. Мәселе талғамда емес, реңктің қара және қоңыр сынды түстер сияқты базаға айналғанында болып тұр. Қызық жағдай.




Вьетнамка
Шыны керек, аяққа киетін стринг секілді дүние. Miu Miu оны қысқа шұлықпен кигенді жөн көреді. Бұл комбинацияның ашық болғаны соншалық, басында қарауға ұялғаныңмен, көз ала алмайсың. The Attico мен Ferragamo болса, сексуалды астарын айқындағысы келгендей бау мен лента қосты. Биылғы маусымда дизайнелер фут-фетишке бет бұрған көрінеді, tarantino-core.




