Style|Fashion

Клаудия Шиффер және сезімтал бохо: Chloé мерекелік науқанын ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
04.11.2026
Клаудия Шиффер | Chloé
IMAGE Клаудия Шиффер | Chloé
Бренд өзінің танымал богемалық эстетикасын сақтай отырып, оны арнайы мерекелік маусымға орай кешкі гламурмен әрлей түскен

Chloé сән үйі супермодель Клаудия Шиффердің қатысуымен жаңа мерекелік науқанын таныстырды. Белгілі фотограф Дэвид Симс түсірген бұл жобаның шығармашылық тұжырымдамасын марканың креативті директоры Чемена Камали әзірлеген.

Клаудия Шиффер | Chloé
IMAGE Клаудия Шиффер | Chloé

Бұл жолы өзінің үйреншікті романтикалық бохо-эстетикасын әлдеқайда сезімтал, жұмбақ әрі кешкі форматта көрсеткен Chloé жеңіл күндізгі образдардың орнына түнгі қала атмосферасын, көз жауын алатын жарқырауды, қымбат фактураларды, төгілген силуэттер мен жылтырақ бөлшектерді ұсынып отыр.

Клаудия Шиффер | Chloé
IMAGE Клаудия Шиффер | Chloé
Клаудия Шиффер | Chloé
IMAGE Клаудия Шиффер | Chloé
Клаудия Шиффер | Chloé
IMAGE Клаудия Шиффер | Chloé

Индустриядағы ықтимал кадрлық өзгерістер туралы сыбыстар аясында жарық көріп, көптің қызығушылығын тудырған бұл науқан сән инсайдерлерінің назарынан тыс қалмады. Олардың мәліметінше, Чемена Камали Chloé қатарынан кетіп, Энтони Ваккареллоның орнына Saint Laurent үйіне ауысуы мүмкін. Сыбыс расталса, Клаудия Шиффермен түсірілген осы мерекелік науқан оның француз сән үйіндегі соңғы ірі жұмыстарының біріне айналуы ғажап емес.