Balenciaga сән үйі өзінің 2026 жылғы көктем-жаз маусымына арналған «Heart and Body» науқаны аясында брендтің 11 жаңа өкілін таныстырды. Жұрттың назарын ерекше аударған жаңалық – бұл тізімге канадалық актер Хадсон Уильямстың қосылуы болды.
Брендтің ресми амбассадорларының көшін Вайнона Райдер, Харрис Дикинсон және Ро Юнсо бастап тұр. Ал бренд достарының қатарында Хадсон Уильямстан бөлек Даниэль Дедуайлер, Хавана Роуз Лью, музыкант Labrinth, сондай-ақ модельдер Мона Тугаард, Лоли Бахия, Нед Симс пен Сен Самышевалар бар.
Бұл – жаңа креативті директор Пьерпаоло Пиччолидің тізгінді ұстағалы бергі алғашқы тағайындаулары. Аталған науқан брендтің жаңарған бағытын, яғни даралыққа, тән сұлулығы мен эмоциялық тереңдікке басымдық беретін жаңа қолтаңбасын паш етіп жатқандай. Balenciaga-ның жаңа жүздерін таспаға түсіру үшін дизайнер танымал фотограф Дэвид Симсті арнайы шақырған болатын.

Уильямстың айтуынша, Balenciaga-мен серіктес болу ол үшін үлкен белес. Актер бұл тек әйгілі брендпен жұмыс істеу ғана емес, сонымен бірге сән арқылы өзіңді таныту мен ішкі сенімділікті паш етудің жаңа мүмкіндігі екенін атап өтті.
Айтпақшы, Хадсонның хикаяттағы әріптесі Коннор Сторри де Saint Laurent сән үйімен келісімшартқа отыруға шақ тұр.
Естеріңізге сала кетейік, «Жарқын бәсеке» – Crave және HBO Max компанияларының бірлескен жобасы. 2025 жылдың ең шулы премьераларының біріне айналған бұл туындыда ресейлік Илья Розанов пен канадалық Шейн Холландер есімді екі хоккейшінің арасындағы текетірес баяндалады. Хикаят қазірдің өзінде екінші маусымға ұзартылып қойған, оның көрерменге жол тартуы 2027 жылға жоспарланып отыр.
