KFW-2026 шарасының басты оқиғасы – аты аңызға айналған әншіге арналған «Трибьют Розе Рымбаевой» көрмесі. Мұнда өнер иесінің әр жылдары киген сахналық киім үлгілері қойылып, алғашқы қойылымдарынан бастап бүгінгі таңдағы ерекше образдарына дейінгі 50 жылдық шығармашылығында стилінің қалай өзгергенін байқауға болады. Экспозицияға Vera Wang, Zuhair Murad пен Elie Saab сияқты әлемдік дизайнерлердің жұмыстарымен қатар, Берік Исмаилов пен Аида Кауменова сынды белгілі қазақстандық авторлардың туындылары да қойылған.



Дәстүр бойынша сән апталығы аясында жас дизайнерлерге арналған New Generation / Open Way байқауы өтті. Биыл 15-ші рет ұйымдастырылған бұл дода Music of Style тақырыбымен өрбіді. Финалға Қазақстан мен Ресейден 18 қатысушы жолдама алып, әрқайсысы заманауи сәнге деген өзіндік көзқарасын көрсететін жеке топтамасын ұсынды. Басты жүлдені якутиялық Сандаара Порохонько жеңіп алды – енді ол KFW-дің келесі маусымында өзінің толыққанды топтамасын көпшілік назарына ұсына алады. Қатысушылар үшін бұл байқау тек өздерін таныту мүмкіндігі ғана емес, кәсіби болашаққа жасалған нақты қадам болды.


Kazakhstan Fashion Week-тің қорытынды күнінде көрермендерді үлкен тосынсый күтіп тұрды – Роза Рымбаева сахнада өнер көрсетті. Ол Аида Кауменованың көрсетілімі кезінде сахнаға шығып, өзінің хитке айналған «Любовь настала» әнін шырқады. Анасына қолдау көрсету үшін ұлдары Әли мен Мәди де осында келді.

Жалпы алғанда, сән апталығында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Әзербайжан және Ресейден келген дизайнерлер 33 топтама ұсынды.
Бірінші күн
Arunaz (Қазақстан), NA_MI_LAB & M.O.W. (Қазақстан), Karapazar (New Generation / Open Way 2025 байқауының жеңімпазы, Қазақстан), Dm by Dina Marat (Қазақстан), Yerlan Zholdasbek (Қазақстан), Shakerbay (Қазақстан), Leila Khanum (Қазақстан), Nikita Okishev (Ресей), Tamone (Грузия).
Екінші күн
Naiyl Baikuchukov (Қазақстан), New Generation / Open Way 2025 байқауы финалистерінің ұжымдық көрсетілімі: Hustle and Flow, Araya by Askar, Yelana, Rakhima fashion (Қазақстан), Oksana Utelbaeva (Қазақстан), Jarkyn Baimakhanov (Қазақстан), Ainash Qara (Қазақстан), Musavvir (Тәжікстан), Ajemi Style (Әзербайжан), Nazar Almazbekov (Қырғызстан).
Үшінші күн
Aida Kaumenova (Қазақстан), Edder (Ресей), Tinatin (Грузия), Tamara Lamanukaeva (Қазақстан), Alexey Chzhen (Қазақстан), Yang Lain by Adilya Botabayeva (Қазақстан), Jenyaber (Ресей), New Generation / Open Way байқауы финалистерінің көрсетілімі – Jeanne Kobey-Love, G.Moon, Skyborn, All’s (Германия), Zalkar & Irina Iliushenko (Қырғызстан).











































