Style|Fashion

Капсулды Marine Serre x Repetto балеткалар коллекциясы

Автор Индира Тлегенова
25.01.2025
Repetto
IMAGE Repetto

Marine Serre-нің жарты ай бейнесіндегі фирмалық символы культтік сипатқа ие болған Repetto балеткасына қонды

Marine Serre және Repetto француз брендтері саны шектеулі, капсулды балеткалар коллекциясын ұсынды. Оған Marine Serre-нің жарты ай бейнесіндегі фирмалық принтімен безендірілген екі модель кірді – Lilouh пен Camille.

Негізі 2016 жылы негізі қаланған Marine Serre бренді өзінің футуристік спорттық стилінің арқасында тез-ақ танымал болды. Жарты ай бейнесіндегі фирмалық символының жанкүйерлері арасында Beyoncé, Dual Lipa және Кайли Дженнер сынды жұлдыздар бар. Сонымен қатар коллекцияларының 50%-н қайта өңделген материалдан жасайтын дизайнер апсайклинг бағытын белсенді насихаттайды.

«Бала кезімде Сен-Медар-д'Эксидейдегі үйімнің жанында жасалатын Repetto балеткаларына көз алмай қарап тамсанушы ем. Әпкем екеуіміз фабрикаға барғанда, сиқырлы қолөнер әлеміне сүңгігендей болатынбыз», – дейді Марин Серр.

Балеткалардың қара, қызыл, ақ және күміс түстес нұсқалары бар. Дордонидағы фабрикада дәстүрлі кері тігу әдісімен қолдан жасалады. Бағасы – 370-390 еуро.

Lilouh Repetto x Marine Serre балеткасы
Капсулды Marine Serre x Repetto балеткалар коллекциясы
Капсулды Marine Serre x Repetto балеткалар коллекциясы
Капсулды Marine Serre x Repetto балеткалар коллекциясы
4 фотоның / 1 фотосы Lilouh Repetto x Marine Serre балеткасы