Style|Fashion

Канн кинофестивалі 2026: жұлдыздар қызыл кілемге не киіп келді?

АвторыTatler Kazakhstan
15.05.2026
Қазылар алқасының мүшесі Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Тереза Суарес | Getty Images
IMAGE Қазылар алқасының мүшесі Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Тереза Суарес | Getty Images
Биыл 79-шы рет жалауын желбіреткен Канн кинофестивалінде әлемдік кино жұлдыздары бас қосатын қызыл кілем ойдағыдай шараның ең көп талқыланатын бөлігіне айналды. Назарларыңызға биылғы меймандардың осы уақытқа дейінгі ең жарқын әрі есте қаларлық образдарын ұсынамыз

Былтыр ұйымдастырушылар фестивальдің ашылуына санаулы күндер қалғанда дресс-кодты қатаңдатып, «жалаңаш» көйлектер мен ұзын шлейфі бар көлемді киімдерге тыйым салғаны белгілі. Алайда бұл шектеулер атақты жұлдыздардың Көгілдір жағалауда өздерінің мінсіз образдарымен жұртты таңғалдыруына еш кедергі бола алмады.

Jacquemus және Gucci брендін таңдаған Деми Мур

Биыл қазылар алқасының құрамына енгендіктен, Деми Мур қызыл кілемнен бірнеше рет жүріп өтті. Оның ең есте қаларлық образдарының бірі – франциялық Jacquemus брендінің 2026 жылғы күз-қыс топтамасынан алынған ойнақы The Confetti Dress көйлегі. Қыпша белді пішім мен баллон-белдемшені көмкерген түрлі-түсті ноқатты принт дәл қазір ұшып шығатындай «тірі» конфетти әсерін сыйлады.

Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі қазылар алқасының фотосессиясында, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Паскаль Ле Сегретен | Getty Images
IMAGE Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі қазылар алқасының фотосессиясында, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Паскаль Ле Сегретен | Getty Images

Ал 63-жастағы актрисаның енді бір таңғажайып образы ретінде Демна Гвасалияның қолынан шыққан, бейнебір мыжылған қағаздан жасалғандай әсер беретін Gucci брендінің алқызыл көйлегін атауға болады. Деми Мур басты назарды киімнің ерекше ойығына аудару үшін шашын көйлектің ішіне жасырып, образын үлкен моносырғамен толықтырған екен.

Қазылар алқасының мүшесі Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Даниэле Вентурелли | Getty Images
IMAGE Қазылар алқасының мүшесі Деми Мур Францияның Канн қаласындағы Фестивальдер сарайында өткен 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Даниэле Вентурелли | Getty Images

Алайда актрисаның Gucci брендінен таңдаған келесі күлгін көйлегі көпшілік ішінде екіұшты пікір тудырып, біраз сынға ұшырады. Желі қолданушылары бұл киімді Notre-Dame de Paris мюзикліндегі Эсмеральданың көйлегіне де, тіпті кәдімгі целлофан пакетке де теңеп жатты.

Деми Мур 79-шы Канн кинофестиваліндегі La Vie D'Une Femme фильмінің көрсетілімінде, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images
IMAGE Деми Мур 79-шы Канн кинофестиваліндегі La Vie D'Une Femme фильмінің көрсетілімінде, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Марк Пиасецки | Getty Images

Chanel образындағы Райли Кио

Канн төрінде Кантемир Балаговтың жаңа Butterfly Jam фильмін таныстырған актриса Райли Кио қызыл кілемге Матье Блази жасаған Chanel кутюрлік топтамасындағы жартылай мөлдір костюммен шықты.

Райли Кио 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Андреас Ренц | Getty Images
IMAGE Райли Кио 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Андреас Ренц | Getty Images

Dior таңдаған Рут Негга

Биылғы қазылар алқасының тағы бір мүшесі Рут Негга өз шығуларының бірінде жасыл атластан тігілген сән-салтанаты келіскен арнайы Dior көйлегін таңдап, образын Chopard әшекейлерімен әрледі.

Қазылар алқасының мүшесі Рут Негга 79-шы Канн кинофестивалінің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты кешкі аста, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Даниэле Вентурелли | Getty Images
IMAGE Қазылар алқасының мүшесі Рут Негга 79-шы Канн кинофестивалінің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты кешкі аста, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Даниэле Вентурелли | Getty Images

Gucci көйлегіндегі Изабель Юппер

Осы уақытқа дейін туындыларының саны бойынша (22 фильм) абсолютті рекорд орнатқан «Канн ханшайымы» Изабель Юппер биыл жас актерлер Одесса Эзайон мен Коннор Суинделлске Trophée Chopard сыйлығын табыстады. 73-жастағы актриса қызыл кілемде көздің жауын алатын Gucci көйлегі мен Chopard әшекейлерінің арқасында мінсіз көрінді.

Изабель Юппер 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің премьерасында, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Эрл Гибсон | Getty Images
IMAGE Изабель Юппер 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің премьерасында, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Эрл Гибсон | Getty Images

Tom Ford киген Малгоша Бела

Жолдасы, режиссер Павел Павликовскийді қолдап келген польшалық модель әрі актриса Малгоша Бела оның Fatherland фильмінің премьерасы үшін Хайдер Аккерманн жасаған Tom Ford костюмін таңдапты.

Малгоша Бела 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Стефан Кардинале | Getty Images
IMAGE Малгоша Бела 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Стефан Кардинале | Getty Images

Chanel образындағы Сандра Хюллер

Жақында ғана франциялық сән үйінің жаңа амбассадоры атанған Сандра Хюллер қызыл кілемге Chanel-дің эпатажды кутюрлік образымен шықты. Актриса Павел Павликовскийдің «Оскардан» үмітті жаңа Fatherland фильмінде басты кейіпкер Эриканың рөлін сомдаған болатын.

Сандра Хюллер 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің премьерасында, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Майкл Бакнер | Getty Images
IMAGE Сандра Хюллер 79-шы Канн кинофестиваліндегі Fatherland фильмінің премьерасында, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Майкл Бакнер | Getty Images

Dior таңдаған Луи Гаррель

2024 жылдың мамырынан бері Dior брендінің ерлер желісін ресми түрде ұсынып жүрген Луи Гаррельдің Канн төрінде дәл осы франциялық сән үйінің образын таңдауы заңдылық еді.

Луи Гаррель 79-шы Канн кинофестивалінің ашылу салтанаты мен La Vénus Electrique фильмінің көрсетілімінде, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Аврора Марешаль | Getty Images
IMAGE Луи Гаррель 79-шы Канн кинофестивалінің ашылу салтанаты мен La Vénus Electrique фильмінің көрсетілімінде, 12 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Аврора Марешаль | Getty Images

Giorgio Armani киіп келген Шарль Леклер

Жас жұбайлар – «Формула-1» ұшқышы Шарль Леклер мен оның әйелі, модель Александра Сен-Млё фестиваль күндерінің бірінде қызыл кілемнен бірге қол ұстасып өтті. Александра аустралиялық Paolo Sebastian брендінің көйлегін киіп, образын Messika әшекейлерімен толықтырса, Ferrari командасының шабандозы Giorgio Armani смокингімен жарқырады.

Шарль Леклер мен Александра Леклер 79-шы Канн кинофестиваліндегі La Vie D'Une Femme фильмінің көрсетілімінде, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кристи Спароу | Getty Images
IMAGE Шарль Леклер мен Александра Леклер 79-шы Канн кинофестиваліндегі La Vie D'Une Femme фильмінің көрсетілімінде, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кристи Спароу | Getty Images

Miu Miu образындағы Джиллиан Андерсон

Биылғы Канн кинофестивалінің төрінде жарқыраған Джиллиан Андерсон көрермен назарына өзінің Teenage Sex And Death At Camp Miasma фильмін ұсынды. 57-жастағы жұлдыз қызыл кілемге шығу үшін Miu Miu көйлектерін таңдапты. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Джиллиан дәл осы Миучча Прада брендінің көрсетілімін қорытындылаған еді.

Джиллиан Андерсон 79-шы Канн кинофестиваліндегі Teenage Sex And Death At Camp Miasma фильмінің фотосессиясында, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Дуг Питерс | Getty Images
IMAGE Джиллиан Андерсон 79-шы Канн кинофестиваліндегі Teenage Sex And Death At Camp Miasma фильмінің фотосессиясында, 13 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Дуг Питерс | Getty Images

Miu Miu таңдаған Барбара Палвин

Модель Барбара Палвин мен оның жолдасы, актер Дилан Спроустың қызыл кілемге шығуы да назардан тыс қалмады. Жұлдызды жұп өздерінің тұңғыш сәбилерін күтіп жүргендерін жариялап, Барбара өзінің бұл нәзік жағдайын Miu Miu брендінің ашық көк түсті көйлегімен әдемі атап өтті.

Барбара Палвин мен Дилан Спроус 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Паскаль Ле Сегретен | Getty Images
IMAGE Барбара Палвин мен Дилан Спроус 79-шы Канн кинофестиваліндегі Histoires Parallèles фильмінің көрсетілімінде, 14 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Паскаль Ле Сегретен | Getty Images

Elie Saab көйлегіндегі Арая Альберта Харгейт

Көпшілікке Чомпу Арая деген есіммен жақсы таныс тайландтық актриса Арая Альберта Харгейт – Канн кинофестивалінің тұрақты әрі ең жарқын қонақтарының бірі. Биыл ол қызыл кілемге Elie Saab Haute Couture SS 2026 топтамасының кутюрлік көйлегімен шықты.

Арая Альберта Харгейт | Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Арая Альберта Харгейт | Баспасөз қызметінің мұрағатынан

Dior таңдаған Тейлор Расселл

Тейлор Расселл 79-шы Халықаралық Канн кинофестиваліне оңтүстіккореялық Hope ғылыми-фантастикалық хоррор фильмінің жұлдызы ретінде келді. Өзі амбассадоры саналатын Dior сән үйінің көздің жауын алатын көйлегін таңдаған актриса қызыл кілемде мінсіз көрінді.

Тейлор Расселл 79-шы Канн кинофестиваліндегі Hope фильмінің көрсетілімінен шығып бара жатқан сәтінде, 17 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кейт Грин | Getty Images
IMAGE Тейлор Расселл 79-шы Канн кинофестиваліндегі Hope фильмінің көрсетілімінен шығып бара жатқан сәтінде, 17 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кейт Грин | Getty Images

Prada образындағы Белла Хадид

Белла Хадид франциялық режиссер Жанна Эрридің Garance фильмінің премьерасына арнап тігілген арнайы Prada көйлегімен Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті.

Белла Хадид 79-шы Канн кинофестиваліндегі Garance фильмінің көрсетілімінде, 17 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Эрнесто Рушио | Getty Images
IMAGE Белла Хадид 79-шы Канн кинофестиваліндегі Garance фильмінің көрсетілімінде, 17 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Эрнесто Рушио | Getty Images

Chanel киген Кристен Стюарт

Chanel брендінің амбассадоры атанған Кристен Стюарт Канн кинофестиваліне дәл осы сән үйінің образдарымен келеді. Биыл актриса бұл шараға франциялық режиссер Кантен Дюпьёнің Full Phil абсурдты қара комедиясының түсірілім тобымен бірге қатысты.

Кристен Стюарт 79-шы Канн кинофестиваліндегі Full Phil фильмінің көрсетілімінде, 16 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кристи Спароу | Getty Images
IMAGE Кристен Стюарт 79-шы Канн кинофестиваліндегі Full Phil фильмінің көрсетілімінде, 16 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Кристи Спароу | Getty Images

Dior таңдаған Шарлотта Ле Бон

Full Phil картинасының тағы бір кейіпкері – франциялық актриса Шарлотта Ле Бон да Dior образын таңдапты. Ол Тюильри бағында таныстырылған Джонатан Андерсонның алғашқы топтамасындағы жеңіл белдемшемен көзге түсті

Шарлотта Ле Бон 79-шы Канн кинофестиваліндегі Full Phil фильмінің фотосессиясында, 16 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Самир Хуссейн | Getty Images
IMAGE Шарлотта Ле Бон 79-шы Канн кинофестиваліндегі Full Phil фильмінің фотосессиясында, 16 мамыр, 2026 жыл | Фотосуретші: Самир Хуссейн | Getty Images