Style|Fashion

Judy Ai жаңа топтамасы: Сәнге айналған балалық шақ естеліктері

АвторыЛилия Шабутдинова
22.07.2026
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
IMAGE Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Дизайнер балалық шақ естеліктерін архитектуралық пішімдер мен авторлық ою-өрнектер арқылы жаңаша жеткізді

Сән әлемінде киім тек мата мен пішімнен тұрмайды, ол көбіне автордың ішкі әлемін, жан дүниесін көрсетеді. Мәселен, дизайнер Жұлдызай Жұматаева өзінің 2026/2027 жылғы күз-қыс маусымына арналған жаңа топтамасында балалық шағындағы ең жылы естеліктеріне оралған. Оның шабытына жаңа туған айды көрген сайын немерелерін аулаға ертіп шығып, ақ тілегін жаудыратын әжесінің бейнесі негіз болыпты. Әжесі бата беріп, бетін сипаған соң, бұл әрекетті балаларға да қайталататын көрінеді. Дизайнердің айтуынша, бұл дәстүр оның жадында терең сақталғаны сонша, қазір түнгі аспаннан жаңа айды байқаған сайын еріксіз сол бір кезге оралады. Көз алдына әжесінің мейірімді жүзі келіп, құлағына оның таныс даусы естілгендей болады, тіпті ауылдың иісі мен шаңырақтың жылуын сезінеді.

Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
IMAGE Фотосуретші: Нұртас Сисекенов

Дәл осы сағынышқа толы ностальгия жаңа топтаманың басты идеясына айналып отыр. Сол себепті киімдердің дизайнында ешқандай артық бөлшек жоқ: пішімі еркін, тігісі өте жинақы әрі қарапайым. Мұндай таза шешімдер көрермен назарын ең маңызды нәрсеге, яғни ұсақ бөлшектерге аудару үшін қажет. Мысалы, киімдегі кейбір ою-өрнектер арнайы мөрлер мен бояулардың көмегімен мата бетіне қолмен салынған. Суреттердің өзі де кездейсоқ емес. Олар Орталық Азияның бай дәстүрлі мәдениетінен шабыт алып, көне мотивтерді заманауи үлгіде қайта жаңғыртады.

Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
IMAGE Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
IMAGE Фотосуретші: Нұртас Сисекенов

Айта кетейік, Judy Ai брендінің тарихы 2016 жылдан бастау алады. Оның атауының өзі отбасылық жылулықпен ұштасып жатыр, өйткені Judy дегеніміз ата-анасының Жұлдызайды еркелетіп атайтын есімінің қысқартылған нұсқасы. Жалпы, дизайнер жаңа топтамасында да өзінің басты бағытынан айнымады. Ол отбасылық жады, қолөнер техникасы мен ұлттық мәдени мұра тақырыптарын үйлестіре отырып, жеке тұлғаның ішкі сезімдері мен естеліктері заманауи сән әлемінде қаншалықты маңызды іргетас бола алатынын тағы да дәлелдеп берді.

Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
Фотосуретші: Нұртас Сисекенов
12 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Нұртас Сисекенов