Style|Fashion

Jimmy Choo Алматыда Summer 2026 топтамасын көпшілікке ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
04.07.2026
Әлия Бермұхамбетова, Мария Подгорбунская, Әсел Тісенова, Дина Цай, Зәуре Розмат | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Әлия Бермұхамбетова, Мария Подгорбунская, Әсел Тісенова, Дина Цай, Зәуре Розмат | Фотограф: Мария Попова
Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығында орналасқан Jimmy Choo бутигі брендтің адал тұтынушылары мен достарының басын қосқан Meet Me at the Bar жазғы кешіне арқау болды

Matcha day party форматында өткен іс-шараның басты тақырыбы – күнделікті қайнаған тірлік пен кәсіби мақсаттарды өзіңе күтім жасаумен үндестіре білу. Ал кештің бас серіктесі, дұрыс тамақтануды дәріптейтін Chou Chou бренді қонақтарға матча негізіндегі ерекше авторлық сусындарын тарту етті.

Әлия Бермұхамбетова | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Әлия Бермұхамбетова | Фотограф: Мария Попова
Салтанат Қазыбаева, Зәуре Розмат, Әсел Тісенова, Ольга Комиссар | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Салтанат Қазыбаева, Зәуре Розмат, Әсел Тісенова, Ольга Комиссар | Фотограф: Мария Попова
Гаухар Жексен | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Гаухар Жексен | Фотограф: Мария Попова
Маржан Марқаметова | Фотограф: Әділ Мәметали
IMAGE Маржан Марқаметова | Фотограф: Әділ Мәметали

Жазғы жаңа топтамамен танысу қазіргі таңдағы сән мен талғам жайлы мазмұнды әңгімеге ұласты. Зәуре Розмат пен Almaty Marathon жетекшісі Салтанат Қазыбаева жұмыс пен спортты, отбасы мен жеке уақытты қалай қатар алып жүргендері жөнінде өз тәжірибелерін ортаға салды. Талқылаудың негізгі түйіні сыртқы сұлулық пен ішкі жан дүние тыныштығының үйлесіміне негізделген саналы өмір салтына келіп тірелді.

Әлия Бермұхамбетова, Әсел Тсенова, Дина Цай | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Әлия Бермұхамбетова, Әсел Тсенова, Дина Цай | Фотограф: Мария Попова
Ақерке Қауымбетова | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Ақерке Қауымбетова | Фотограф: Мария Попова
Гаухар Жексен, Әсел Тісенова, Саёра Ни, Маржан Марқаметова | Фотограф: Мария Попова
IMAGE Гаухар Жексен, Әсел Тісенова, Саёра Ни, Маржан Марқаметова | Фотограф: Мария Попова
Гаухар Жексен, Мария Подгорбунская | Фотограф: Әділ Мәметали
IMAGE Гаухар Жексен, Мария Подгорбунская | Фотограф: Әділ Мәметали

Бұл кездесу Jimmy Choo үшін тарихи жылдың бір бөлшегі десек артық айтқандық емес. Себебі 2026 жылы брендтің Қазақстан нарығына қадам басқанына тура 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында марка елімізде өз орнын ойып тұрып алып қана қоймай, сән мен заманауи өмірді бағалайтын үлкен қауымдастық қалыптастыра білді.