Style|Fashion

Hermès жасанды интеллектіден бас тартып, өз сайтын нағыз өнер туындысына айналдырды

АвторыTatler Kazakhstan
10.08.2026
Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты
Hermès бренді өзінің ресми сайтын суретші Сара Мартиненнің «жан біткен» иллюстрацияларымен толықтай жаңартып алды

Hermès өз сайтының бет-бейнесін өзгерту үшін суретші Сара Мартиненді арнайы шақырды. Ал Salut la Compagnie командасы сол суреттерге анимация арқылы жан бітірген. Нәтижесінде бас парақшада теңіз жәндіктері мен қиял-ғажайып кейіпкерлер Hermès бұйымдарымен ойнап, интернет-дүкенді нағыз сюрреалистік әлемге айналдырып жіберген.

Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты
Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты
Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты
Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты

Бұл Hermès пен Сара Мартиненнің алғашқы бірлескен жобасы емес. Бұған дейін суретші Швейцарияның Лугано қаласындағы бренд бутигінің витриналарын қолмен салынған суреттермен безендірген болатын. Hermès үшін бұл қадам – өнерге деген бұрыннан келе жатқан құрметтің жалғасы. Қазіргі кезде көптеген брендтер жұмысын жеңілдетіп, жасанды интеллектке жүгініп жатқанда, Hermès өз ұстанымына берік қалды. Олар нағыз шеберлікке, қол еңбегіне және ұсақ бөлшектерге басымдық береді.

Hermès ресми сайты
IMAGE Hermès ресми сайты

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың басында Hermès париждік суретші Линда Мерадпен де дәл осындай жоба жасаған еді. Ол брендтің сайты үшін дәстүрлі литографиядан шабыт алып, иллюстрациялар топтамасын толықтай қолмен салып шыққан болатын.