Style|Fashion

Gucci-дің «Жолбарысы»: «Она» және «Плохая девочка» авторларынан жаңа туынды

Автор Индира Тлегенова
24.09.2025
Gucci «Жолбарысы» фильмінен кадр | Gucci
IMAGE Gucci «Жолбарысы» фильмінен кадр | Gucci

Gucci «Жолбарысы» фильмінің кейіпкерлері La Famiglia жаңа топтамасының образдарын киіп көрді

Дүйсенбі күні Gucci сән үйі Демна Гвасалияның көптен күткен дебютін атап өтіп, дәстүрлі көрсетілімнің орнына Спайк Джонз бен Халина Рейн түсірген «Жолбарыс» атты қысқаметражды фильмнің тұсауын кесті. Басты рөлдерге Деми Мур, Эдвард Нортон, Эллиот Пейдж, Кеке Палмер, Джулианна Николсон және Кендалл Дженнер сияқты жұлдыздар шақырылып, олардың барлығы Gucci La Famiglia жаңа топтамасымен киінген.

«Бұл туынды арқылы мен мінсіздікке деген құмарлықты көрсеткім келді: идеалды ұл, дизайнер, күйеу, дос болуға ұмтылу. Бірақ бұл – ешқашан қолың жетпейтін асқар шың, оған ұмтылған сайын тек түңілесің. Шындық мінсіздікте емес, керісінше, біздің кемшіліктерімізде жатыр: қателіктерімізде, мінсіз болып көрінбеуге деген құқығымызда», – деп сыр шертті Демна Гвасалия сахна сыртында.

Фильмде эксцентрикалық кланның анасы Мур туған күн құрметіне балалары мен Vanity Fair журналисін кешкі асқа жинайды. Шампанға есірткі араластырылып, қонақтар жағымсыз шындықтардың тұманына батады. Кадрлар Little Simz және Doechii тректерінің ырғағымен алмасып отырса, байлардың оғаш қылықтары мен Кристобаль Тапиа де Вирдің саундтрегі арқылы «Белый лотос» сериалының лебі сезіледі.