Француз жазушысы әрі фотографы Дени Вестхофф Dior сән үйінің The Book Covers топтамасындағы жаңа Book Tote сөмкелерінің жарнама науқанына қатысып, брендтің жаңа бейнесіне айналды. Атақты жазушы Франсуаза Саган мен ұшқыш Боб Вестхоффтың жалғыз ұлы болып табылатын Дени, бұл жолы анасының «Здравствуй, грусть!» романының мұқабасы кестеленген сөмкені таныстырды
Креативті директор Джонатан Андерсонның жетекшілігімен ұсынылған бұл топтама классикалық әдебиет жауһарларын сән әлемімен ұштастыра білген. Сөмкелердің бетінде Джеймс Джойстың «Улисс», Брэм Стокердің «Дракула» және Шарль Бодлердің «Цветы зла» өлеңдер жинағы сияқты әлемге танымал туындылардың мұқабалары бейнеленген.
Дени Вестхофф 2012 жылы жарық көрген «Здравствуй, нежность» атты кітабында анасы туралы естеліктерімен бөлісіп, ұлы жазушының өміріндегі беймәлім тұстарды ашып көрсеткен болатын. Бұл жолы ол сән әлеміндегі жоба арқылы анасының шығармашылық мұрасын жаңа қырынан жаңғыртып отыр.

IMAGE Dior

IMAGE Dior

IMAGE Dior
