Style|Fashion

FENTY x PUMA: Рианна футбол алаңының стилін подиумға алып шықты

Автор Егор Ходаков
08.08.2025
FENTY x PUMA | puma.com
IMAGE FENTY x PUMA | puma.com

Рианнаның футбол формасының элементтерінен шабыт алған киімдері мен аксессуарларынан тұратын жаңа FENTY x PUMA топтамасы жарық көрді

Топтаманың інжу-маржаны – атақты PUMA Striker бутсыларынан шабыт алған, тікенек табанды Cat Cleat L шәркейі және PUMA King үлгісі негізінде жасалған Avanti LS кроссовкасы.

Дайын киімдер желісі де футбол эстетикасын жалғастырады: оверсайз-пуловер, страздармен жарқыраған тар футболка, классикалық футбол жейдесі, сондай-ақ кең пішілген шалбар мен жұмсақ барқыт шорты – барлығы спорт пен сәннің үйлесімін көрсетеді. Аксессуарлар қатарында контрастты әрлеуі бар сөмке және екі жақты принті бар жібек шарф бар.

FENTY x PUMA топтамасы қазірдің өзінде PUMA-ның ресми сайтында және брендтің фирмалық дүкендерінде қолжетімді.

 

FENTY x PUMA | puma.com
FENTY x PUMA | puma.com
FENTY x PUMA | puma.com
FENTY x PUMA | puma.com
4 фотоның / 1 фотосы FENTY x PUMA | puma.com