Style|Fashion

Fashion Awards 2025: «Жыл дизайнері» атағына үміткерлер жарияланды

Автор Анель Танкибаева
04.09.2025
Instagram @jonathan.anderson
IMAGE Instagram @jonathan.anderson

Жылдың үздік дизайнері анықталатын Fashion Awards байқауының үміткерлері туралы баяндаймыз

Бірінші желтоқсанда Лондондағы Альберт-холлда Fashion Awards сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді. Байқау Pandora зергерлік үйі мен British Fashion Council – Ұлыбританиядағы сән индустриясын дамытумен айналысатын компанияның қолдауымен өткізіледі. БАҚ және бөлшек сауда өкілдерінен тұратын 19 адамдық комиссия жыл дизайнері атағына алты үміткерді ұсынды. Олардың қатарында – Джонатан Андерсон, Мартин Роуз, Миучча Прада, Гленн Мартенс, Рик Оуэнс және Вилли Чаварриа бар. Джонатан Андерсон үшін бұл қатарынан үшінші номинация: Dior креативті директоры 2023 және 2024 жылдары жыл дизайнері атанған болатын.

Instagram @jonathan.anderson
IMAGE Instagram @jonathan.anderson
Мартин Роуз | Getty Images
IMAGE Мартин Роуз | Getty Images
Миучча Прада | Getty Images
IMAGE Миучча Прада | Getty Images
Глен Мартенс | Getty Images
IMAGE Глен Мартенс | Getty Images
Рик Оуэнс | Getty Images
IMAGE Рик Оуэнс | Getty Images
Вилли Чаваррия | Getty Images
IMAGE Вилли Чаваррия | Getty Images