Louis Vuitton мен «Реал Мадрид» футбол клубы 2026-2027 маусымына арналған ресми киімдер мен сапарларға киілетін жабдықтардан тұратын екінші капсулалық топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Топтама клубтың ерлер және әйелдер футбол командаларына, сондай-ақ ерлер баскетбол командасына арнайы тігілген.

Бұл топтама креативті директор Фаррелл Уильямстің тікелей жетекшілігімен Louis Vuitton-ның ерлер киіміне жауапты студиясының қабырғасында дүниеге келген. Желіге кашемир пальтолар, екі жақты нейлон күртешелер, дөңгелек жағалы қою көк түсті свитер, бейж түсті поло және арнайы тапсырыспен жасалған былғары бұйымдары кірген. Әрбір киім үлгісінде сән үйі мен клубтың ортақ символикасы үйлесім тапқан.




Капсуланың дизайны 2026 жылдың ақпанында таныстырылған Louis Vuitton сандықтар топтамасына арнайы сілтеме жасай отырып, сапарға арналған бірыңғай формада жаңа әрі классикалық мотивтердің басын біріктіреді. Ал киімді толықтыратын былғары аксессуарлар LV монограммасының 130 жылдығына орай арнайы Mon Monogram желісімен шықты.

Топтама клубтың еуропалық кубоктағы алғашқы сырттағы ойыны – Римдегі матчтың қарсаңында таныстырылды.


