Style|Fashion

Ерлерге арналған эстетика: TOTEME тарихта алғаш рет menswear топтамасын шығарды

АвторыАйгерім Қайназарова
20.08.2026
TOTEME ресми сайты
IMAGE TOTEME ресми сайты
Бренд 12 жылдық тарихында алғаш рет menswear бағытына қадам басты

Скандинавиялық минимализм мен ескірмейтін классиканы бағалайтындар үшін бүгін тамаша күн. Швециялық TOTEME бренді он екі жыл дегенде алғаш рет ерлерге арналған киімдер топтамасын таныстырды.

Бұл жобаға дайындық былтыр көктемде басталған. Жаңа желіні брендтің негізін қалаушы Карл Линдман мен дизайнер Александр Хаггблад бірігіп жасап шықты. Дизайнерлер TOTEME-нің басты ерекшеліктерін толықтай сақтап қалған: көзге ұрмайтын салмақты реңктер, жинақы пішіндер және мата сапасына деген мінсіз талғам. Мұнда жапон денимінен бастап, италиялық жүнге дейін ең таңдаулы материалдар қолданылған.

TOTEME ресми сайты
IMAGE TOTEME ресми сайты
TOTEME ресми сайты
IMAGE TOTEME ресми сайты

Топтамаға сырт киім, трикотаж, джинсы мен жейделер ғана емес, көзілдірік, галстук, бөкебай, тіпті аяқ киім де еніп отыр.

TOTEME ресми сайты
IMAGE TOTEME ресми сайты
TOTEME ресми сайты
IMAGE TOTEME ресми сайты