Style|Fashion

Эддисон Рэйдің белі төмен джинсы шалбары: әншінің Lucky Brand-пен коллаборациясы

Автор Егор Ходаков
22.08.2025
Аддисон Рэй | Lucky Brand
IMAGE Аддисон Рэй | Lucky Brand

Мінсіз джинсы шалбарын іздеген Эддисон Рэй өз моделін жасап шығарды

TikTok жұлдызы әрі әнші Эддисон Рэй Lucky Brand брендімен бірігіп, өзінің жеке, белі төмен джинсы үлгісін шығарды. Жаңа шалбардың негізіне 2000-жылдардың басындағы Ultra Low Rise Flare атты архивтік модель алынған. Рэй жаңартылған нұсқаның үстінен креативті директор ретінде жұмыс істеді.

Эддисон Рэйдің Lucky Brand-пен тығыз ынтымақтастығы оған бренд архивінен эксклюзивті джинсы шалбары сыйға тартылғаннан кейін басталған. Одан кейін фасондарды, пішімдерді және реңктерді зерттеу, киіп көру кезеңдері өтіп, нәтижесінде Ultra Low Rise Addison Flare моделі дүниеге келді.

Жаңартылған нұсқа арқасындағы коллекциялық патчпен және ышқырындағы Lucky You жазуы бар фирмалық жапсырмамен толықтырылған. Ultra Low Rise Addison Flare джинсы шалбары 129 доллар бағасымен қою (Hidden) және ашық (Bare) реңктерде қолжетімді.

luckybrand.com
IMAGE luckybrand.com