Style|Fashion

Джуд Беллингем Calvin Klein брендінің жаңа амбассадоры атанды

АвторыTatler Kazakhstan
03.11.2026
Джуд Беллингем | Calvin Klein
IMAGE Джуд Беллингем | Calvin Klein
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы америкалық марканың ішкі киімдерге арналған жаңа Icon Cotton Stretch желісінің бет-бейнесіне айналды

Calvin Klein өзінің ішкі киімдер желісінің жаңа бейнесі ретінде мадридтік «Реал» жұлдызы Джуд Беллингемді таңдапты. Мойындау керек, брендтің бұл шешімі өте дөп түсті. Осылайша жас футболшы «киім астындағы икона» идеясын негізге алған Icon Cotton Stretch топтамасының жарнамасында алғаш рет бой көрсетіп отыр.

Джуд Беллингем | Calvin Klein
IMAGE Джуд Беллингем | Calvin Klein
Джуд Беллингем | Calvin Klein
IMAGE Джуд Беллингем | Calvin Klein

Түсірілім жұмыстары Мадридте өткен. Түсірілімнің таза, минималистік стилі футболшының бойындағы сенімділікті барынша ашып көрсетеді. Тіпті кадрлардан Джудтың гол соққанда жасайтын фирмалық қимылына жасалған әдемі сілтемені де оңай байқауға болады.

«Түсірілім идеясы маған өте жақын. Адам өз денесінде өзін жайлы сезінген кезде ғана нағыз сенімділік оянады. Calvin Klein – танымал марка, сондықтан бұл ойды өз стилімде жеткізу мен үшін керемет тәжірибе болды».

- Джуд Беллингем -

Жарнамалық науқанда жұмсақ әрі созылмалы мақта матасынан тігілген топтаманың негізгі үлгілері ұсынылған: классикалық боксерлер, белі төмен түскен нұсқалар, слиптер және денеге жабысып тұратын боксерлер. Оған қоса, бренд жаңа Icon Cotton Stretch Shine Trunk моделін де жеке таныстырып үлгерді. Бұл үлгінің басты ерекшелігі – Infinity Bond логотипі бар фирмалық белдіктің жалтыраған жабынмен әрленуі.

Icon Cotton Stretch топтамасын Calvin Klein сайтынан қазірдің өзінде сатып алуға болады.