Gucci бренді Primavera атты жаңа жарнама науқанын таныстырды. Бұл Демна Гвасалияның италиялық сән үйіне арнап жасаған дебюттік топтамасының алғашқы түсірілімі. Кампейн қаһармандарының бірі K-pop әлемінің жұлдызы, BTS тобының мүшесі Джин (Jin. – Tatler) болды.
The Korea Herald басылымының жазуынша, музыкант Gucci Primavera кампейнінде киіп шыққан қара былғары күртеше 9 900 доллар тұратынына қарамастан, Еуропада жиырма төрт сағат өтпей жатып толықтай сатылып кеткен. АҚШ пен Кореяда да бұл модельдің сөреде шаңы қағылды: қолжетімді 9 өлшемнің тек 2 еуі ғана қалған.


Primavera (италия тілінен аударғанда «көктем») жазуы бедерленген күртеше Демна Гвасалияның алғашқы ready-to-wear топтамасының бір бөлігі.
Айта кетейік, дизайнер италиялық сән үйінің креативті директоры қызметіне өткен жылы тағайындалған. Ал Джин болса, Gucci амбассадоры атағын 2024 жылы алған болатын. BTS тобының Arirang туры кезінде әнші сахнаға брендтің арнайы тіккен образдарымен шығып жүрді.
