Style|Fashion

Dior by Yuriko Takagi: Rizzoli баспасынан шығатын жаңа кітаптағы сән үйінің көркем тарихы

Автор Индира Тлегенова
04.08.2025
Dior by Yuriko Takagi жарнамалық науқаны
IMAGE Dior by Yuriko Takagi жарнамалық науқаны

«Dior by Yuriko Takagi» кітабы – жапон фотографы Юрико Такагидің объективі арқылы әйгілі сән үйінің бейнелерін көркемдік тұрғыдан зерттеу

«Dior by Yuriko Takagi» кітабы – жапон фотографы Юрико Такагидің объективі арқылы әйгілі сән үйінің бейнелерін көркемдік тұрғыдан зерттеу. Жапон фотографы Юрико Такагидің Dior сән үйіне арнаған «Dior by Yuriko Takagi» атты жаңа кітабы жарық көрмек. Бұл – Кристиан Диор мен оның ізбасарлары жасаған образдардың фотографтың жұмсақ, түс көріп отырғандай әсер қалдыратын көзқарасы арқылы баяндалатын фото-хикаят. Такагидің объективіне жоғары сән туындылары мен әрбір көйлектің негізі саналатын ақ түсті макеттер, яғни туальдар іліккен.

«Киім де, оны киген адам да қимыл-қозғалыс үстінде одан әрі құлпыра түседі», – дейді фотограф. Оның суреттері сол бір қимылды анық сездіреді: бейнелердің сәл бұлдырлығы оларға тыныс бітіргендей әсер етеді. Сән тарихшысы Оливье Сайяр туальдарды «идеялардың елесі» деп атайды, ал Такаги олардың осы бір нәзік поэзиясын дәл ұстай білген. Кітап 2025 жылдың қыркүйек айында Rizzoli баспасында шығады.

Dior by Yuriko Takagi
IMAGE Dior by Yuriko Takagi
Dior by Yuriko Takagi: Rizzoli баспасынан шығатын жаңа кітаптағы сән үйінің көркем тарихы
Dior by Yuriko Takagi
IMAGE Dior by Yuriko Takagi
Dior by Yuriko Takagi: Rizzoli баспасынан шығатын жаңа кітаптағы сән үйінің көркем тарихы